ДАНАЛЫҚТЫ ПІР ТҰТҚАН ЖАН

Фетхуллаһ Гүлен! Окырман кауымға ойлы енбегімен танылған дана тек түркі элемі ғана емес, сонымен катар, түгелдей адамзатка танымал болып үлгергенін айтуымыз керек. Оның көптеген еңбектерінің ішінде ерекше орын алатын шығармасы Мұхаммед пайғамбардың ислам дінін элемге жаю жолындағы өнегелі өмір жолы, дэлелдері мен парасат пайымдары жайлы "Мұхаммед пайғамбар ғаламның рақым нұры" деп аталады. Бүл еңбектің кіріспесінде казіргі кезеңде Мұхаммед пайғамбар өмір сүрген "алтын ғасыр" кайта оралғандай заман келді дей келіп: "Ислам әлемі де казір өрлеу кезеңін бастан өткізіп отыр. Бүдан бір-екі ғасыр бұрын ауқымды ой өрбіте алмаған ақкөңіл мүсылман жандардын, орнын енді бүгін ислами ғылымды шырак етіп, Хазіреті Мұхаммед Мүстафаның (с.а.у.) ізімен жүрген, көкірек көзі ояу, білімдар мүсылман кауымы баскан", -деген тұжырымдарды зерделейді. Бул казіргі замандағы мұсылмандыктың әлемде белсенді өрбуіне, кең канат жаюына берілген сипаттама болып табылады, яғни жаңа ғасырда ислам тарихи болмыста сапалы тұрғыдан тереңдей түскені айтылып отыр. Бұл жүмыстағы негізгі идея - Мұхаммед фәтэнаты, аскан даналығы мен сөз қисынын тапкыштығы кездейсок нәрсе емес, оның халыктардың игілігіне арналған құбылыс екендігін дәлелдеу. Осы талпыныстарын жүзеге асырудағы Гүленнің еңбегі орасан зор. Оның ерекше касиеті - тарихи жағдайдың түпкі астарын жете түсініп, исламның тарихи маңыздылығын казіргі уакытқа бейімдеп түсіндіре білуінде, сонымен катар адамаралық, хальгқаралык катынастардағы өзара түсінісу философиясын уағыздауында болып отыр. Әрине, бұл үстанымдарга сыни көзкараста болатын эріптестер де кездеседі. Оларға айтар уэжіміз төмендегідей. Жалпы адамзаттың ортак проблемаларын шешудегі өзара келісімнің, өзара түсінісудің іргетасы ғана көптеген рухани бастаулардың өркендеуіне негіз болады. Ал жіктелуге, текетірестікке негізделген катынастардың болашағы жок. Ол тек өз кезетінде келесі бір кайшылықтар топтамасын туындатады және оларды тек саяси жолдармен де, эскери күштермен де, экономикалык тетіктермен шешу мүмкін емес. Сондыктан қоғамдағы эрбір адамның рухани жетілуі, ақикатка карай ұмтылуы барлык сындарлы дамудың өзегі болып кала бермек. Осы тұрғыдан алғанда автордың көптеген ой-тұжырымдары жас үрпакка өнегелі накылдар кейпінде кабылданады деген ойдамыз. Ол өзінің жарық көрген көптеген еңбектерін дін мәселесіне арнайды. Мәселен, "Ислам мен демократияға салыстырмалы козкарас" деген макаласында дін мен демократияның өзара айырмашылығын жіктеп, олардын когамдык ортадағы, адам өміріндегі мәндік сипаттамасын ашып береді. Бүл екі құбылысты зерттеу барысында механикалык түрде салыстыруға болмайтындығын айта келіп, олардың ерекшеліктерін төмендегідей сипатта көрсетеді: "Дін өмір мен болмыстың өзгермейтіп. бұлжымайтын аспектілеріне негізделген, ал саяси, әлеуметтік. экономикалык жүйелер мен идеологиялар біздің дүниелік өміріміздің үнемі өзгеріп, кұбылып тұратын коғамдык аспектілеріне ғана коңіл аударады". Сейтіп, кұбылыстар арасындағы орнықтылык пен озгермеліліктің арасындағы диалектикалык байланыс бұрынғы, казіргі жэне болашак өмірдің озегін, ырғағы мен үдерісін кұрайтындығын байкатады. Ал, енді мән мен күбылыс сияқты байланыскан осы құрылымдардың бір жағы аксап, жетілмей жатса, онда коғамда орныктылыктың, рухани пэрменділіктің жоғалатындығын Гүлен жаксы пайымдай алған. Мәселен, куні кешегі атеистік сипаттағы коғамдардағы адамға, руханилыкка деген катынастың кандай болатындығын Кеңес Одағының, социалистік сипаттағы әлеуметтік ортаның коғамдык және тарихи тэжірибесі көрсетті. Сырт козге игілікті болып көрінген мұраттарға, құндылыктарга шынайы рухани негіздерсіз жетудің мүмкін еместігін әлеуметтік дүние байкатты. Дүниеге деген осындай сыңаржакты катынастың ғұмыры кыска болғандыгы бекер емес еді. Сол тарихи кезеңді еске алсақ, сонда ғана біз кейде элеуметте дінге деген катынастын кандай үстірт жэне теріс болатындығын, кертартпалык дүниетанымның қоғамда үстемдік ете алатындығын аңғарамыз. Ондай коғамның омірінің қысқа болуының себептерінің негізгісі де осындай рухани әлемге деген катынаста жаткан іспетті. Әлде де элемде дінді тек апиын, жалган дүниетаным, кертартпалык, ғылыми түсініктерден алыс болгандык деп жүргендер жетерлік. Әрине. эркімнің бүл дүниені калай түсінем десе де өз еркіндігі бар екені рас. бірак ол дегенмен, акиқат заңдылығын айналып өте алмайды, адам рухани даму жолына түспесе, міндетті түрде пендешілік кұлдыраудың какпанына түседі. Дінге сенуші, оған сенбейтін пенденің өмірінің, дүниетанымының сапалык айырмашылыгы да осында. Фетхуллаһ Гүленнің өмірлік шығармашылығы осы жіктеменің сипатын айкындап беруге, адасканға жол көрсетуге арналғандай кейіпте. Жалпы акикатты гылым рационалдык тұрғыдан пайымдауға тырысканмен, оның аукымы шектеулі. Нағыз ғылыми жаңалыктың түпкі негізі руханилыкка кызмет етпесе, онда ол әлемді кұртушы, киратушы күшке айналары анық.

Ақикатты іздеуге деген талпьгныс ғылым мен білімнің даму эволюциясында, философияның тарихында эртүрлі тұжырымдамалардың пайда болуына алып келгені белгілі. Дегенмен, мұсылмандык дүниетаным барлығынан биік тұратын дүние - акырет акикаты екендігіне мензейді. Ол туралы окымыстының "Акырет акикатына сенім" атты еңбегінде томендегідей кейіпте тұжырымдалады. Алдымен Құранның Әнбия сүресіндегі: "Қиямет кунінде Біз эділет таразысын кұрамыз. Ешбір адамға кылдай киянат жасалмайды. Егер оның бойында кішкентай ғана жаксылык болса. ол ескеріледі. Есеп алуға біздің кабілетіміз толык жеткілікті" деген сөз келтіре отырып: "Аятта да айтылғандай бүл омірде адамның ішкі жан дүниесінің байлығын өлшейтін таразы жок. Жан дүниеміздің әрбір калтарысында пайда болатын нэзік сезімдердің жемісін салмактай алмаймыз. Адамның Алладан баска озге нәрселердің бэріне қолды бір сілтеп, тәрк еткен, тек ¥лы Жаратушысынан баска ешкімге де көңілі толмайтын, разы болмайтын күйге түсірген үлы сезімдерді олшейтін кұрал атаулыдан хабарсызбыз. Олай болса, осы үлы сезімдеріңді таразыға тартатын акырет күні туады", деп ескертеді. Бүл жерде ойшыл тарапынан "Акырзаман" идеясымен пенделерді коркытудан гөрі, әрбір адамның бойында жинакталган нәпсілік элсіздіктерді жоюға бағытталған кадамдар орнектелген іспетті. Әсіресе, әрбір пенде тәкаппарлык пен өркөкіректіктің қүлы болмай, менменсу мен кайырымсыздыктан алыстау болуға шакыру жатканы байкалады. Осы теріс жолдағы азамат тек озін ғана емес. сонымен катар озінін үрім-бұтағын кұрайтын, тектін жалғасын білдіретін ұрпағына "теріс сипаттағы мұра" калдырады. Ал одан тазару үшін көптеген сынактардан өтуге тура келер.

Ойшылдың курделі де, көрнекті өмірі руханилык жолына түсуге талаптанған эрбір азамат үшін өзіндік үлгі және бағдар болары хак. Ислам ғалымы Мұхаммед Фетхуллаһ Гүлен нағыз гуманист-ойшыл ретінде діндегі абсолюттік фанатизмді колдамайды. Ол "Ғұмырлык өлшемдер" деген кітабында өзінің діни сенім туралы тұжырымдарын былай өрнектейді: "Жаратканның еркіне толык мойынсұнғандарга карағанда бірбеткей фанатиктер айналасын киратып жоюды ғана біледГ. Шынымен де тарих көрсеткендей фанатизмдік сипаттағы діни сенім негізінен табиғи өзімшілдікті, менмендікті бәрінен жоғары қояды. Егер сондай дүниеге катынастағы бірнеше адам бір алдамшы идеяның төңірегінде біріксе, онда әлеуметтік ортада террористік бағдардағы топ та пайда болуы мүмкін. Олардың діни сенім туралы түсініктері барынша бұрмаланған болып келеді. Олар канша Жаратқан үшін, халык үшін әрекет еттім деп өздерінің пендешілік эрекеттерін "актап" алмак болса да акикат зандылыгынан, руханильгктан алыстай түсетіні анык. сондыктан оларды діншілдікті. немесе өздерінің бір дінге өкілділігін бетперде етіп кана ұстағандар және топтық эгоизмнің құлына айналғандар деуге болады. Міне, осы қүбылысты Гүлен терең сипатта аңғарган жэне оған дэл багасын бере білген деген ойдамыз.

Өкінішке орай адамзат тарихында көптеген діндер ежелгі заманннан бері өмір сүріп келе жатса да, әрбір ғасырда небір гуманизмнен ауылы алыс сойкандыктар, теріс әрекеттер көптеп көрініс бергені белгілі. Күнэсіз жандардың канын ағызған. талай тағдырды бакытсыз еткен көптеген соғыстар мен кырғындар болды. Солардың барлығына адамдағы шынайы Жаратканға деген сенімнің, кұрметтің, мойынсұнудың жоқ болғандығы себепкер болатын. Шіркеуге, мешітке. синагогаға және т.б. діни храмдардың ішіне кіріп шығудың өзі адами руханилықка үндеп, оның өзі сияқты баскаға пендеге карай кару қолданбауға шакыруы тиіс емес пе? Демек. дін аркылы гуманист, кеңпейіл, акжарқын, кешірімшіл, төзімді бола түсуі керек болатын. Оның орнына тарихта өкінішке орай екіжүзділік сипаттағы діншілдіктің элемді бұрында да, казір де жайлап алганын, сананы билеп алғанын байкаймыз. Адамзат соның зардабын үнемі көріп келеді және элі де бірталай уақыт көре берері анық. Әйтеуір, көптен калмай діншіл деген атқа ие болсам деген идеямен малданып жүргендер каншама. Дүние туралы, өмір жайлы алдамшы сезім мен алдамшы түсініктер пендені руханилык әлемінен, адамгершілік кұндылыктарынан алыстата түсетіні белгілі.

Басканы жазалауға, жазғыруға, кінэлауға асығатын пендешілікке карсы айтылған ойшылдың: "Жазыктыны жазалауға соғүрлым мүмкіндігі бола тұрып. оны кешірген адамның қадірі артады, деген сөздері бар. Бұл кеңпейілділіктің түп негізінде адамзатты бірлікке, сұхбаттастыққа, келісімге, киындыкка бірге жеңуге деген ыстык ықылас жатыр. "Сүрінбейтін тұяқ болмайды, кателеспейтін адам болмайды" деген кағидаға сүйенген Фетхуллаһ эрбір адамның ақикатка қарай үмтылуына демеу болуға тырысады. Сондыктан ол жазыктының өзін кешірудің кажеттігін пайымдайды. Әрине, бул жерде есерсоктың дүлей күшіне, жылпостың екіжүзділігіне токтау айтпау керек деген ой туьшдамайды. Адамның эрбір ісі жоғарыдан өзіндік үйлесімділік заңымен реттеліп отыратындығына меңзейді. Ал пенденің басканы жазалауға ұмтылысы Жаратканның реттеуші кызметін өз колына алуға үмтылысымен барабар. Адам өзін соншама биіктетіп. жазалаушы күшке айналсам өзімнің пенделік өзімшілдігімнің күлкынын канағаттандырамын деп ойлайды. Ал одан игіліктірек, сауабы мен руханилығы басымдау әрекет - жазыктыны, жаңылысканды кешіре білу болып табылары анык. Бұл кағиданы көп адамдар теориялык тұрғыда, бейтарап күйде мойындағанмен, эркімнің жеке мүддесіне олар жанасып кеткенде толык кешірімге жете алмайтын кездсрі болады. Олардың көп жағдайда пендешілік какпанына түсіп кетуі де ғажап емес. Дегенмен, рухани жетілмеушілік тарихта эрбір пенденің бойындагы заңды касиет. Өйткені, жетілмеушіліктен кемелденуге карай ұмтылу, унемі дамудын, биігіне карай аскактау жалпы адамзат тарихының да, жеке адамның да өмірінің түпкі мэні мен мағынасы. Онсыз тіршіліктегі ешкандай эволюцияда, элеуметтік жэне рухани дамуда қисын да, болашак та жоқ.

Қазіргі замандагы халыкаралык жағдайлардың ең негізгі саяси катынасы екі діннің арасындағы өзара түсіністікке көп байланысты. Сондыктан толеранттык немесе төзімділік мәселесі күн тәртібіне койылып, көгттеген жиындарда оның эр түрлі кырлары талқылаудан өтуде. Осы ескерілетін жағдай бұл төзімділіктің тек кана бір сипаты ғана болашак үшін тиімді екенін анта кеткен жөн. Ол баска деген күрметтің, сыйластыктың рухани денгейде жоғары болуымен байланысты. Ал іштегі психологиялык кысымнын негізіндегі, сенімсіздік кұрсауындағы төзімділік кұбылыс мәселені шешімін табуға жетелемейді, ол тек уакытша гана шыдаумен бірдей және өз уакыты келгенде кайшылыктар түрінде көрініс береді. Осыган орай адамаралык катынастар түбегейлі іргетас болатын дүниелерді іздеуге ұмтылуымыз керек. Фетхуллаһ Гүлен пайымдаган кұндылыктар әлемі осы мәселелердің өзіндік кырларын козғайды, дүниеге адами бірлікті уағыздаған тұжырымдармен, ой-пікірлермен танылады.

Түркияның географиялык жағдайы да, ділі де, тарихы да, мәдениеті де біздің Қазақ елі іспетті еуразиялык кейіпте жэне кеңістікте калыптаскан. Сондыктан Фетхуллаһ Гүлен осы тарихи шындыкты мойындай отырып, оған тұтастай карсы шығып емес, керісінше, оның ұтымды тұстарын пайдалана отырып дамуды, жетілуді, дүниені үйлестіруді көздейді. Біздің осындай түрғының тиімділігін және Қазақстан жағдайында еуразиялык идеяның осы тұстарын айта кеткен жөн. Исламның рухани кайнар көздерінен сусындай отырып, Еуропаның өркениеттік жетістіктерін пайдаланудан кашкактауға да болмайды. тек солардың тұтынушы кұлына айналмауымыз керек. Ал даналыкты күйттеген тарихи тұлғалардың естияр, данагөй сөздері белгілі бір этностык немесе мемлекеттік шекаралардың аукымында калып коймайды, жекелеген діндердің ішкі мәселелерін айтып кана коймайды. Осыган орай түркі әлемінің ішкі бірлігі туралы айтылатын тұжырымдарға айтар жауап-пікіріміз - ол да өзінше бір топтасу болып калады, сондыктан жалпы Жер бетіндегі бүкіл адамзаттың бірлігі және өзара түсіністігі жөніндегі кадамдарды өрбітудің болашағы кеңірек. Өйткені, Жер бетіндегі эрбір адамнын арманының орындалуы мен бақытка жетуі - Жаратканның негізгі максаты, яғни ол үшін өгей баланың болуы мүмкін емес. Ал тек біздің пендешілігіміз ғана өзіміздің гана мүдделерімізді ойлауға бейімдейді. Рухани даму - негізінен баскалардың мүдделерін өзіміздің мүдделеріміздің деңгейінен кем санамаудан басталады. Осыны айткан түлғаны - даналыкты пір түтушы жан деуге болады.