• Басты бет
  • БАҚ-та
  • Muslim World
  • Соңғы бірнеше ғасырда Ислам әлемінде интеллектуалдардың жетілмеу себебі неде? Бұл неге байланысты? Келешекте мұның орнын толтыру мүмкін бе?

Соңғы бірнеше ғасырда Ислам әлемінде интеллектуалдардың жетілмеу себебі неде? Бұл неге байланысты? Келешекте мұның орнын толтыру мүмкін бе?

"Интеллектуал" дегенде ненің меңзелгеніне байланысты. Болмыс негізінің ойлау екенін, ал ақылдың сезім мен еріктен бұрын келетінін растайтын интеллектуалға қай жерде болса да орын жоқ екені Ислам әлемі үшін шығын емес.

Алайда, бұл әлемде өз болмысын түйсінетін, болмысты дұрыс оқып дұрыс жорамалдайтын, өзі өмір сүріп жатқан кезеңді түсініп және ылғи онымен санасуды білетін, ал білгендерін қажет болғанда қауіптенбей жария ететін ақжарқын адал адам мағынасындағы интеллектуалдың табылмайтыны да ақиқат. Дегенмен, осы тұста кейбір жәйттерді түсіндіре кеткен жөн:
Алдымен, бұл шегіністер мен тоқырау тек қана Ислам әлеміне тән бір ахуал емес: Тарихта, өткені - өте жарқын, бүгіні - шаңырағы ортасына түскен және ауыр жағдайдағы көптеген елдер келіп кеткен және солай бола береді де. Тарихи қайталанулар мәңгілік козғағыштар, ал әңгімелейтін бұл мәселеміз барша халықтардың тағдыры іспеттес. Оттың алаулап айналасына қызу берген соң сөнетіні, қолданылған заттардың қолданыла-қолданыла тот-тасып, ескіретіні, дүниеге келген әрбір адамның өсіп, жетіліп, кейіннен өлетіні сияқты әр алуан мәдениет және ұлттардың да осындай тағдырлары бар. Өмірлер жаңартылып ұзартылуға тиіс, алайда мұндай нәрсенің шарттары аса ауыр болса керек...

Ақиқатшылдықтан безген интеллектуалдар...

Екіншісі, Ислами рухтың үш маңызды негізі бар: бұлардың біреуінің немқұрайдылығы белгілі мөлшерде басқа динамикаларға да өсер етіп, сол рухты тұсаулайды. Бұл негіздерді шығармаларды жинақтау дәуіріндегідей діни білімдерді негізгі бастауларына сүйеніп, замана түсінігіне сай жорамалдау; сөйлеу сипатына жататын Құран-и Мубин сияқты, құдірет пен еріктін Қасиетті Кітап саналатын әлемі және осы ғажайып кітаптын жаратылған бұйрықтарын мұқият оқып пайдадану: дүниелікпен бірдей руханилыққа, тәнмен бірдей жанға, фәнимен бірдей бақиға және физикалықпен бірдей метафизикалық ойларға да ашык, тұрып, барлық осы негіздер арасындағы тепе-теңдікті сақтаушы ретінде қысқаша сипаттауға болады. Бір әлемде ақыл ескерілмей, жүрек көмескіленіп, ақиқатшылдық және ғылымға құштарлық сөніп немесе сөндірілген болса, ол жерде алдыңғы қатарлы адам және интеллектуал туралы әңгіме қозгау әбестік.

Үшіншісі, Ислам әлемінің, құдды бүгінгі Батыс сияқты жарқын бір дәуірі болған. Мұндай бір дәуірдің артықшылықтарымем қоса, кейбір тіршілік динамикаларының немқұрайдылығынан пайда болған кемшіліктері де бар. Кейде материалдық жағынан мықты - болу өзін тастап қоюға; жүріп тұрғанды байқалмайтын соқырлыққа; жеңістер, табыстар дүниеқұмарлыққа, зинақорлыққа ермек пен рақатқа, тіпті құнығушылыққа себеп болуы мүмкін. Осындай қарғыс тиген бір ахуалдың үстемдік еткен жерінде интеллектуал жстіле алмайды.

Төртіншісі, бүгінгі катардағы ғалымдар – Ислам ғұламаларының тексеру тәжірибе және зерттеулерінің жемісі емес. Барлық ғылымдар толықтай болымды, натуралшыл және Батыстық мағынада рационалист бір түсінікке сүйенеді. Осы әлемдегі зерттеу және пайдаланулар түгелдей батыстық түсініктің басқаруымен жүріп отырады. Ислам әлемінде болмысты жанадан жорамалдайтын өз ой елегінен өткізетін және жаңадан уағыздайтын ақыл иелерінің жетілгеніне дейім бұл әңгіме осылай жалғаса беретін сияқты.

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.