• Басты бет
  • БАҚ-та
  • Muslim World
  • Ислам түсінігіңде мемлекет және оның Құрандағы орны жайлы ойыңыз. Қазіргі заманда көптеген мұсылмандар шариғат негіздеріне сүйенетін бір мемлекет құру пікірін күн тәртібіне шығарды. Осы мәселеге қатысты көзқарасыңыз қандай?

Ислам түсінігіңде мемлекет және оның Құрандағы орны жайлы ойыңыз. Қазіргі заманда көптеген мұсылмандар шариғат негіздеріне сүйенетін бір мемлекет құру пікірін күн тәртібіне шығарды. Осы мәселеге қатысты көзқарасыңыз қандай?

Исламның саяси және мемлекеттік көзқарасын сараптайтын немесе осыған қатысты пікірлер айтатын адамдар Кітап пен Сүннеттен құралатын Исламды, мұсылмандардың тарихи тәжірибелері мен не болса да шариғат заңдарын сүйеніп ұстанғылары келетін мұсылманшылықты бүгінгі әр түрлі жағдайлармен шатастыруда. Кейде Құран мазмұнына, кейде бірнеше таңдамалы Хадис, ал кейде қазіргі қиялшылдардың біреуінін ойлары мен ұсыныстарына негізделіп, Ислам туралы ойларын сан саққа жүгіртіп, қолдарына дес тисе өз түсініктерін үстем ететіндіктерін жасырмайды.

Ислами қағидалардың және Ислам тарихының көзқарас немесе тың пікірлерге шек қоятын, қатып қалған бір тарих екенін меңзеп отырған жоқпын, әрине. Дін негіздеріне жатпайтын мәселелерде пікір айту және салғастыруға жол беріледі. Қаңдай пікір болса да талқылауды көтеретін мәселелерде және Ислам негіздеріне сәйкес түрде ғана білдірілуі тиіс. Алайда сөзге шешен тұлғаның мұндай мәселелерге қатысты сөз сөйлеп, пікір білдіріп, өзіне баурағанын басқалардың мысын басу үшін, өктемдік кабілеті ретінде пайдаланбауға тиіс екендігі де дінімізде бұйырылған. Ислам, ешкімнің жеке көзқарастары мен пікірлерін, (қазіргі ықылас-пейілдерге қарағанда) Құдайдан көріп, "дін деген осы" деуіне жол бермейді әрі мұны "адасу" — деп санайды.

Ең алдымен дін ретіңде ұсынылған жоба Кітап пен Сүннеттен құралмаған болса, осы жолда қанша адам қандай түрде болмасын күшін сарп етсе, сонша жоба мен жоспар пайда болады, ал бұлардың занды дағдарыс туғызары анық. Ұсынылған жоба, көпшілікке түсінікті тарихи тәжірибелерден туындамаса ешқашан тұрақты әрі өміршең бола алмайды. Қазіргі талаптар, көпшіліктін; қабылдайтын әрі қадір тұтатын шынайы құндылықтарына жүгініп қанағаттана алмаса, бұл да шынайы әрі сендіруші бола алмайды. Олай болса не өзіндік, негізгі құндылықтарына байланысты, не осы құндылықтарға сүйенген ғылыми пікірлер тұрғысынан Исламның мемлекеттік көзқарасы қандай деген сұрақ туындайды. Исламда билік пен ерік Аллаһтың ғана қолында. Құран, көптеген аяттарымен билік пен бұйрықтың Аллаһтың қолында екендігін баса айтып, "Әйел-еркек мүминдер, Аллаһ және Елшісі бір мәселеге қатысты бұйрық берген кезде енді олардың таңдау құқығы жоқ" дейді, осылайша бұл құқықтың не теократтардағыдай қасиетті және бейкүнә рухани көсемдерге, не олардың бақылау және тексеруіндегі, не басқаша құрылған қандай да болмасын бір діни ұйымға қаты-сы жоқ екенін баяндайды. Ислам. "Сендердің ең қайырымдыларың Аллаһтың алдында ең діндар болғандарың" деп, тұқым-тек, ру-нәсіл, жоғары дәрежелі сынып сияқты жікшілдіктің орнына тақуалық, қасиеттілік, ақиқатшыл сананы және әділеттілік сезімін негізге алады. Осы тұрғыдан Кітап пен Сүннет мұсылманшылығында не өз бетімен билеуші монархияға, не Батыста бой көрсеткен классикалық демократияға, не диктатураға, не тоталитаризмге орын жоқ. Исламда, басқарушы және бағынушылардың өзара түсіністігі болып табылатын билік, заңдылығын әділеттен және әділеттің мәртебелік қағидасынан алады. Ол бойынша әділет басқарушыдан да, бағынушыдан да жоғары — Аллаһтың қолында, ол өзгертуге де, тартып алуға да келмейді; Жаратқанның бұйрығы, Пайғамбардың жеткізген және қолданған үлгісінде орындалуы тиіс. Ислам, әділетсіз басқаруды заңды деп санамайды, ал оны елемеген бағынушыларды қарсы келгендер деп қабылдайды. Ислами билікте ең жоғарыдағылардың өздері қатардағы бір адам сияқты әділет ережелеріне бағынуға міндетті. Олар бұл ережелерді ешқашан бұза алмайды және оларды керісінше жүзеге асыра алмайды. Осы тұста бір нәрсені анықтай кеткен жөн. Осылардың бәрін заң шығару және орындау, мекемелерін ештеңеге араластырмайтындай дәрежеде қабылдамау керек. Ислам заң шығару және орындау мекемелері қашан да әлеуметтің өз ішінде және шет елдермен экономикалық, саяси, мәдени қарым-қатынастарында мұқтаждықтар, қажеттер және мәселелер шеңберінде жалпыға бірдей құқық ережелеріне сай келетін бірнеше заңнамалар шығарып, соларды жүзеге асыра алады. Ал бағынушылар болса ең биік әділет негіздері деуге келетін қағидаларға бағынғандары сияқты адамдардың шығарған осы зандарына да бағынуға мәжбүр. Исламның, шариғат заңдылықтарын түсіндіруде көзқара білдіріп, мағына және нәтиже шығаруға карсылығы жоқ.

Негізінде бір демократиялық қоғам үшін әділеттің бастауы, көрінісі және қасиеттері аса маңызды емес. Қазіргі заманның жеткен мәресі — басты құқық пен бостандықтың қамтамасыз етілуі, саясатқа араластыру, азшылықтың өз сенім-нанымдары бойынша өмір сүрулеріне жол берілуі, адам және қоғамның қарқын механизмдеріне қатысты салмағын білдірулері, әркімнің белгілі бір нәрсеге қатысты өздерін көрсетуде бір-біріне өктемдік етпеулері және өз түсінігі бойынша өмір сүрулері болса, Ислам бұл мәселелердің ешқайсысына қарсы шықпайды. Халықаралық құқықтық мөлшер және келісімдер бойынша, осы салаларда атқарылатын заң шығарушылық қызметтерге де Ислам қарсы шықпайды. Ешкім жоғарыдағы құқықтарға байланысты Құран мен Сүннеттен бастау алатын жалпыға бірдей құндылықтарға көз жұма алмайды. Сол себептен ешкім Исламды демократияның дұшпаны деп айта алмайды.

Егерде бір мемлекет, жоғарыда айтылғандар бойынша, азаматтарына өз діндерін ұстануға мүмкіндік беріп, оның құндылықтарын бағалап, түсініп және орындауларына жағдай жасаса, мұндай бір жүйені Құран іліміне қайшы деуге келмейді. Шын мәнінде ондай бір мемлекет бар болса, оған балама мемлекет іздеудің қажеті жоқ. Егер адами құқық пен бостандық шектелсе — бүгінгі таңда тоқтаусыз өркендеу қарқыны жүріп жатқан демократтардағыдай мүкаммал заңдарға қол жеткізу үшін жүйе заң шығару және орындау мекемелерінде қайта қаралады; жапыға бірдей құқықтық мөлшерлер бойынша түзету, жаңғырту, реттеуге жіберіледі. Мұндай тәртіпті нағыз заң шығарушы деуге келмесе де, оны ақылға қонымсыз деуге болмайды. Осы тұста мына мәселені айта кеткен жөн: кейбіреулер шариғатты әншейін діни қағидалар бойынша құрылған бір құрылым ретінде қарастырады және сөздің түп төркіні мен мәніне бармай-ақ оған қарсы өшпенділік танытады. Ал шариғат деген — дін сөзінің бір мағынада қолданылып және Аллаһтың бұйрықтары, Пайғамбарымыздың сөздері, әрекеттері және дін ғұламаларының пікірлестігі негіздерімен расталған бір діни тіршілікті білдіреді. Осындай бір діндарлық өмірде мемлекеттік басқару ережелері тек қана бес пайыздай құрайды. Ал қалған тоқсан бес пайызын иман негіздері, Исламның негізгі бұйрықтары және діннің ахлақ қағидалары құрайды.

Бүгінгі таңда халифаттың жаңғыртылуын мұсылмандардың бәріне қабылдату мүмкін емес.

 

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.