• Басты бет
  • БАҚ-та
  • Muslim World
  • Көпшілік Батыстын дамыған өркениетін ренессанспен байланыстырады. Ислам әлеміңде де бір ренессанстың болуы мүмкін бе, яғни қажет пе?

Көпшілік Батыстын дамыған өркениетін ренессанспен байланыстырады. Ислам әлеміңде де бір ренессанстың болуы мүмкін бе, яғни қажет пе?

Ренессанс — жаңару, жаңғыру және бейімделу дәуірі деген сөз. Егер Ренессанс, кейбіреулердің айтқандарындай, көне дәуірдің формальді және рухани құндылықтарын тағы бір мәрте өмірге келтіру әрекеті, ескі түпқазықтарға оралу және оларды қайтадан оқу және қолдану ахуалы, саяси, құқықтық және ахлақтық мәселелерде бұрынғының басшылыққа алынуы және рухани салада классикалық мәтіндерде шоғырлануы, тағы бірнеше даңқы шыққан әулиелердің жолын қууы болса, мұндай жаңғырудың кейбір тұстары қолдау тапса да, түгеліне бірден «мақұл» деу дұрыс болмаса керек.

Егер Ренессанстың күш-қайрат, ықпал және басшылық етуі Орта ғасырдың дінтанушы билік және дін саласының ықпалдыларына қарсы бас көтеру, біраз азатшыл, біраз сыншыл және біржолата діннен безу түріндегі дарашылдық процесіне сыятын болса, кейбіреулер бұл әрекеттің дамуын Италияға телиді және Данте, Гиотто де Бондоне сияқты пәлсепешілермен байланыстырады.. Ал мұны осы түрімен адамзатқа пайда келтіреді деп мақұлдау мүмкін емес. Мақұлдай алмайтын екінші бір жағы, сол кездерде Батыста орын алған рухани бұлыңғырлықтан қажыған кейбір ойшылдардың шектен шыққан гуманизмге бет бұруы және өзгеше бір тұрақсыздыкқа себепші болулары.

Егер Ренессанс жоғалған адами құндылықтардың табылып ортаға шығарылуы, адамдардың кайтадан жалпыға тән ахлақи құндылықтарға бет бұруы, шексіз билік және билеушілердің жауапқа тартылуы, тіпті кейбіреулерінің ығыстырылып, демократиялық түсінікке баруы, өнерге, эстетикаға бет бұруда серпілістердің орын алуы, ол кезге дейін менсінбей келген Жаратушы бұйрықтарының зейін қоя оқылып, түсіңдірілуі, ақиқатқа ынтызарлық, білімге құштарлық, ғылымға талаптану сияқты мәселелердің дамып, қанат жаюы және діннен ажырауға болмайтындығының замана санасына сай тың мінез-құлықтармен тағы бір мәрте паш етілуі болса, осы ауқымдағы бір әрекет Ислам география-сында, хижри ІІІ және IV ғасырларда аса тартымды түрде жүзеге асырылған және қандай болғанда да Батыс Ренессансына да үлгі бола білген деген сөз.

Мінеки біз, бар жан-тәнімізбен осындай бір Ренессанс түсінігін қашан да қолдадық және қолдаймыз. Санада, жүректе, рухта және ойлауда жаңғыру дейтін осындай бір жетжетілдіруде жүзеге асырудамыз. Алайда мұндай бір күш-қайраттың жемісін көру қашан нәсіп болады, оны қазірден кесіп-пішу мүмкін емес. Әр нәрсенің бір белгіленген уақыты бар, амандық болса көрерміз, «Түн өтпей тұрып күн шықпас»

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.