• Басты бет
  • БАҚ-та
  • Zaman
  • Фетхуллаһ Гүлен Яшар Кемалға көңіл айту жеделхатын жолдады

Фетхуллаһ Гүлен Яшар Кемалға көңіл айту жеделхатын жолдады

Фетхуллаһ Гүлен Яшар Кемалға көңіл айту жеделхатын жолдады

Өмірі мен шығармашылығын асқан сүйіспеншілікпен отанына арнаған; түрік, күрт, шейіттердің ішіндегі Әлишілер, сүннеттік, бүкіл діни және этникалық топтардың бір шаңырақтың астында тату өмір сүре алатын қоғам қалыптастыру жолында ғұмырын сарп еткен, небір қиын кезеңдерде сөзі мен ісі арқылы демакратияның үстемдік құруына елеулі үлес қосқан, әдебиетімізді халықаралық деңгейде дүйім жұртқа танытқан Яшар Кемал мырзаның бақилық болғанын естідім.

Алладан рақым, кешірім болғай! Жұбайы Айша Семиха Бабан ханым мен ұлы Рашит Гөкчели мырзаға, туыстарына, әдебиет жанашырларына, оқырмандарға, баршасының қайғысына ортақтасып, бастарына саулық тілеймін. Жаназаға жиналған көпшіліктің осындай бірлік-ынтымағының баянды болуын және де жандүниесі артына қалдырған еңбектерінде өзі кемеліне жеткізіп сипаттаған Анадолы өлкесінің гүлге толы бақшасындай шат-шадыман болуын тілейміз.

Фетхуллаһ Гүлен

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.