• Басты бет
  • БАҚ-та
  • Zaman
  • Меніңше, адамдар бейбіт өмірдің жолдарын іздеп жүрген қазіргі уақытта мұндай фильм орынсыз.

Меніңше, адамдар бейбіт өмірдің жолдарын іздеп жүрген қазіргі уақытта мұндай фильм орынсыз.

Кеше кешкісін мен Иса пайғамбар  өмірінің соңғы он екі сағаты бойынша түсірілген фильмге бардым. Ол маған арандатушылық тудыратын дүниедей көрінді. Иудейлер мен римдіктердің Исаны (а.с.) қаншалықты қинағаны адамның жанын түршіктіреді. Егер мен христиан болсам, кинотеатрдан шыққан бойда еврейлердің жауына айналар ем. Сіз қалай ойлайсыз, осындай кинолар бейбітшіліктің тұрақтылығына қызмет ете ала ма?

Әлемде бейбітшілік орнатудың қаншама жолдары қарастырылып жатса да, әлгіндей жағдайлар өмір бойы болып келе жатыр. Мен фильмнің басқа да үлгілерін көрдім. Былайша айтқанда, «Бен Хур» киносы да осы мазмұнда еді. Онда да ардақты Иса (ғ.с.) көптеген қорлыққа шыдаған болатын. Бұл жерде бельгиялықтар түсірген киноны көрсетті. Исаның (ғ.с.) рөлін көк көзді, ақ шашты еуропалық пішіндегі адам ойнады. Негізінде оның рөлінде ойнағандардың таяушығыстық сипаттағы актер болуына назар аударады, ал мұнда керісінше болды. Онда да әлгіге әбден қорлық көрсетті. Онда да иудейлер сөз тасып, римдіктер оларды жазалайды. Ал сіз айтып отырған киноны естігенім болмаса өзім көрмедім. Мұнда да сол көрініс, бірақ бұл фильмде тіптен шектен шыққан тәрізді. Бұл енді еврейлердің «антисеметизмнің елесі» деп атауы мүмкін шекарадан да асып жығылған.

Түсінгенім, сіз бұл киноны дұрыс емес деп санайсыз ғой?
 
    Меніңше, адамдар бейбіт өмірдің жолдарын іздеп жүрген қазіргі уақытта мұндай фильм орынсыз. Тіпті егер ол кино тек еврейлер мен христиандарға қатысты болса да. Америкада қазіргі басшылық пен демократтар онсыз да көп жағдайда жария ете отырып әрекет етеді. Олардың арасында да еврейлер бар. Бірақ, еврейлер мен христиандардың арасындағы кекшілдік пен жауыздықты дұрыс жайт деп айта алмаймыз, әсіресе, таяу шығыста. Ең болмағанда, бір аймақта бейбітшілік аралын сақтай отырып, сол арқылы өзге жерлердегі мәселелерді шешуге тырысу керек. Ал керісінше, қайда барсаңыз да жауыздық пен кекшілдік алдыңыздан шығар болса, онда жер бетінде бейбіт өмір орнату мүмкін емес.

Егер Сіз режиссер болғанда, хазіреті Иса (ғ.с.) жайлы қандай кино түсірген болар едіңіз? Соңғы он екі сағатты қалай көрсетер едіңіз?
 
Қасиетті Құран мен Пайғамбарымыздың хадистерінде Исаның (ғ.с.) соңғы «он екі сағаты» жөнінде еш нәрсе айтылмайды, тек өмірінің соңғы сәттері туралы ғана мәліметтер бар. Бұл жайында хадистерде айтылған, Құранда қысқа түрде айтылғанымен әжептеуір орын бөлінген. Үш төрт жерде әсіресе, «Мариям», «Әли Имран» және «Әнғам» сүрелерінде (19-шы, 3-ші, 6-шы сүрелер – ред. түсіндірмесі) кеңірек түсініктемелер берілген. Қасиетті Құранда Иса алайһиссалам мен Мариям анамызға едәуір орын берілген. 

Мұнда, шіркеулерде түрлі дін өкілдерінің басшыларымен болған кездесулерде, өзара келісімді арттыру мақсатында Құраннан әлгі аяттарды оқып, бұл мәселеде жолбасшы бола білген ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөздерін келтіреді. Олар достық пен өзара түсіністікке қол жеткізуге сеп болады. Ислам Хазіреті Исаны  (Аллаһтың игілігі болсын!) жоғары дәрежеде құрметтейді. Ислам оны Ол қалай болса, дәл солай ешқандай әсірелеусіз қарайды. Әсірелеу жоқ жерде, төменшіктету де жоқ.  Иса (ғ.с.) Аллаһтың ұлық құлы болып саналады. Ол рухтан, иләһи үрлеуден дүниеге келді. Оның әкесі жоқ. Анасы   әулие адам. Құранда айтылатын бірден бір әйел заты. Осы жағынан келгенде, меніңше, Исаға (ғ.с.) деген мұсылмандық көзқарас барлық жерде де түсіністікпен қабылданады.

Хадистерде хазіреті Иса (Аллаһтың игілігі болсын!) өмірінің соңғы сәттері жайлы айтылады. Ол өзінің жанындағыларға соңғы өсиетін айта отырып: «Араларыңнан біреуің мені сатып кетесіңдер»,- дейді. Олар оны Иуда деп санайды. Мұны христиандар да мойындайды. Бір уақыттарда осыған байланысты талас та жүрген.

Бүгінгі күні ескі жараның бетін тырнаудың қажеті жоқ. Ол тек бұрынғы жауыздықты қайта қоздырғаннан өзге пайда бермейді. Өткенді ұмытқан жөн. Ендіге жерде адамзаттың келешекте пайдаға асар жаңа бастамалары жайлы ойлану керек. «Өткеніміз күйреді: енді соның кегін алу үшін бүгінімізді де күйретейік» дегенге саятын пікірлердің,  менің қарапайым түйсігімше, ешқандай мәні де, қисыны да жоқ.

 

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.