• Басты бет
  • БАҚ-та
  • Zaman
  • Бірі шариғаттың көмекшісімін десе, келесісі – жақтаушысымын дейді. Бұл не деген қайшылық тағы...

Бірі шариғаттың көмекшісімін десе, келесісі – жақтаушысымын дейді. Бұл не деген қайшылық тағы...

Түркиядағы кейбір топтар Сізді христиандық миссионерлікпен айналысады деп санайды. Бұл тұрғысында не айтар едіңіз?
 
 Маған әу бастан жұлдызы қарсы кейбір топтар мені «американшыл» дейді, енді біреулері – әлдекімдердің жақтаушысына, ал үшіншілері, бұған енді таң қалмасқа шараң жоқ: барлық жерде діни тәртіп орнататын шариғаттың қолдаушысына балайды. Аталған айыптаулардың бір бірімен қарама қайшылығы сондай, егер олардың барлығы бір жерге жиналып мені қараламақ болса, өз айыптары өздеріне соққы болып тиіп, көптеген сұрақтары жауапсыз қалар еді. Олардың бір бөлігі менің христиандармен жасаған диалогымды, солардың үгіт-насихаттарын қолдау деп түсінеді. Менің пайымдауымша, бұның астарында қызғаныш пен көре алмаушылық жатыр. Бұл істегі жылт еткен жақсылықты, олар өлердей қызғанады. Төзімділік пен диалогты мен ойлап тапқан жоқпын. Осы мақсатта әлемде ежелден түрлі кездесулер ұйымдастырылып келеді. Оған мұсылмандарды да шақырған. Ондай кездесулер араб әлемінде, Шығыста, Ватиканда, Еуропада, Америкада да өткізілген. Ол кездесулерге Түркияның ғалымдары да қатысқан. Алайда сценарийді ұйымдастырушылардың өздері дайындайтын. Сондықтан да кез-келген жерде барыс-келіске жол ашылып, тіпті миссонерлікпен де айналысқан. Ал мұсылмандар көбіне мұндай кездесулерге қатысып, өз ойларын ортаға салып, бұл жолы былай, келесі жолы былай істейік демеді. Ендігі кезекте мұндай басқосуларды Абантта не Харранда өткізейік демеді (Құрметті президенті Ф.Гүлен болып табылатын Журналистер мен жазушылар қорының ұйымдастыруымен Түркияның осы қалаларында дінаралық диалог төңірегінде кездесулер өткен – ред. түсіндірмесі). Өз ойың, өз пікірің болу үшін, әрі мұндай акциялардың жоспарына өз мақсатыңды енгізу үшін соны ұйымдастыруға сен де қатысуың керек. Бұндай кездесулер діни төзімділік пен өзара келісімге қаншалықты септігін тигізетін болса, дінің мен иманың үшін сен де ондай кездесулерді соншалықты тиімді пайдалана білуің керек. Олар осыны не көрмейді, не білмейді. Тіпті қызғаныш әлдекімдерді көрсоқырға айналдырды.

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.