• Басты бет
  • БАҚ-та
  • Zaman
  • Егер сіз Құранға толық иман етсеңіз, онда диалогқа түсуден қорықпауыңыз керек.

Егер сіз Құранға толық иман етсеңіз, онда диалогқа түсуден қорықпауыңыз керек.

Өзара келісім мен төзімділікті орнату мақсатында шіркеулерге барып, бірге отырып Құран оқуға шақыратын адамдар бар. Кей жерлерде оларды да Евангелия оқуларына шақырады. Бұл өзара қарым-қатынас процесі. Егер сіз өз құндылықтарыңызға күмәнмен қарап, Құранға деген ішкі сеніміңіз берік болмаса, бұндай әлсіз иман ерте ме, кеш пе күйрейді. Ал егер сіздің сеніміңіз берік болып, өзіңізді ешкімнің де тура жолдан тайдыра алмайтынына сенімді болсаңыз, онда қорқынышқа ешбір негіз жоқ. Жалпы иманы берік адам түрлі орындарға барады. Дін қайраткерлерімен кездеседі. Ғасырдың бір ұлы ойшылы «Христиандармен даулы мәселелерде сөз таластыра берудің қажеті жоқ» деген. Егер сіз келісімге келіп, өзара түсіністікке қол жеткізуді көздесеңіз, бұндай мәселелерді қозғауға ешбір негіз жоқ. Ортақ келісімді мақсат еткен адамдардың ұстанымы осы. Мен оларды «христиандық мұсылмандар» деп атайтын көптеген кісілер бүгінде: «Мен хазіреті Исаға сенемін. Ол – пайғамбар. Алайда хазіреті Мұхаммед – Аллаһтың ақырғы пайғамбары, ал Құран Кәрім Жаратушыдан түскен» дейді. Өз басым бірде-бір мұсылманның дінін өзгерткенін білмеймін, бірақ көптеген адамдардың ислам дінін қабылдап жатқаны шындық. 

«Ибраһимдік діндер» деген тіркесті ұнатпайтындар да бар. Ал Пайғамбарымыз болса хазіреті Ибраһимді (ғ.с.) аса құрмет тұтқан: «Маған дейінгі пайғамбарлардың ішінде, мен Иса мен Ибраһимге жақынмын» деген. Ибраһим Пайғамбар Мұса Пайғамбарға да, Дәуіт Пайғамбарға да, Сүлеймен Пайғамбарға да, Иса Пайғамбарға да, Закария Пайғамбарға да, Яхия Пайғамбарға да жолбасшы болған. Егер Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қандай да бір пайғамбарға өзінің жақындығын мақтаныш етіп айтса, онда ол пайғамбарды да құрметпен еске алған жөн. Ибраһим Пайғамбардың атымен жалпыға ортақ платформа құруға әрекет жасалып жатыр, жалпыға ортақ идеялардың анализі жасалуда, осыны мұсылмандардың ренішімен ұштастырып, мұны өзге діннің күшеюі деп санау үлкен әділетсіздік.

Мен өзара келісім мен төзімділік идеясын қолдаған түрлі адамдарды көрдім. «Мен дұрыс істеп жатырмын ба өзі, жоқ па?» деп күмәнданғандар да болды. Бірақ, түптеп келгенде, Пайғамбарымыз христиандармен өте жақсы қарым-қатынаста болды. Палестинаны алар кезінде Хазіреті Омар (р.а.) христиандармен де, иудейлермен де өте жақсы қарым қатынаста болды, Салахиддин Айюби де солай. Сұлтан Фатих Стамбулды бағындырғанда, мұсылмандардың жанашырлығы мен кеңпейіліндігіне куә болған проваславтар мен армяндар: «Біз батыстың айуандықтарынан құтылдық» деген.

Осы жердегі католиктік шіркеудің директоры мен біздің бір жолдасымыздың арасында болған оқиғаны айтып берейін. Маған оны сол жолдасымның өзі айтты. Бір күні директор: «Мен дәріске бара алмаймын, сен менің орныма баршы» дейді. Ол: «Жарайды, дәріске барайын, бірақ онда не айтам?» деп таңырқайды. Директор: «Құрметтім, не айтам дегенің қалай? Бар да «Фатиха» сүресін түсіндір. Бұл сіз бен біздің ортақ сүреміз» дейді. Ол дәріске барып, «Фатиха» сүресі жайлы айтады. Ешқандай да тосын жағдай болмайды, қайта мақтау естиді. Бір күні біздің жолдасымыз тағы да әлгі директорға келсе, ол бөлмесінде Құран оқып отыр екен. «Сен не істеп отырсың?» деп сұрағанда, ол: «Қасиетті Құранды оқып отырмын, бірақ сіздердің Тәуратты тек мәлімет алу үшін оқығандарың секілді емес, құлшылық үшін оқып отырмын, себебі Құран – Аллаһтың кітабы» деп жауап береді.

(СҰХБАТТАСЫМНЫҢ КӨҢІЛІ БОСАП, КӨЗІНЕ ЖАС ҮЙІРІЛДІ).
 
 ...
Бұл өте маңызды жайттар. Бүгінгі ұрпақтан кейін жаңа ұрпақ келеді. Егер сіз осы кедергілердің алдын бүгін алмасаңыз, өзіңізді танытуға әрі ізгі ойларыңызды жеткізуге ертең тіптен мүмкіндік таппай қаласыз. Қазіргі кезге дейін біздің арамызды терең жар бөліп келді. Біз өзгелердің бізге бірінші болып келгенін күттік, бірақ мәселенің шешімі онда емес еді. Сол терең жарды тегістеу керек. Хазіреті Бадиуззаман айтады: «Кей жағдайларда христиан мен иудей былай тұрсын, кәпірді де «кәпір» деп айту әдепсіздікке жатады. Ол – құрметсіздік не тәрбиесіздік». Міне нағыз тәрбие, міне нағыз түсінік, міне нағыз қорытынды! Олардың «әһли кітап» (қасиетті кітап өкілдері – ред.түсіндірмесі) екені түсінікті. Құранда оларға байланысты: «Әй, Кітап иелері!» (Әли Имран сүресі, 64 ші аят – ред.) деп айтылады. Бұл жерде бұрын ешкім де айтпаған тәпсірді береді, сендер көзі ашық адамсыңдар дейді Құран. Келіңіздер, бәрімізге ортақ «Аллаһ» сөзінің аясында бірігейік. Әсілі бұл аят осылай тәпсірленеді. Мұны мыңдаған адамдар біледі. Толеранттық та осы өлшем бойынша дамып келеді. Онда барлық платформалар қолданылады. Біздің Мухйиддин ибн Араби, Мәулана Жалалиддин Руми және т.б. ұлы адамдарымыз туралы айтылады.

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.