• Басты бет
  • БАҚ-та
  • Zaman
  • Дәл мұсылмандықтағыдай өз-өзін сынау еш жерде жоқ

Дәл мұсылмандықтағыдай өз-өзін сынау еш жерде жоқ

Он бірінші қыркүйектен соң біз мұсылмандардың өзара астыртын сөз байласу теориясына біртабан жақын екенін көрдік. Әрдайым өзгелер кінәлі ме? Әрдайым олар біздің жаман болғанымызды қалай ма? Неге мұсылмандардың арасында өз-өзін сынау мәдениеті жоқ?

Алдымен, «Мұсылмандардың арасында өз өзін сынау мәдениеті жоқ» деген сөз тіркесін жөнге келтірген абзал. Мұсылмандықта өз өзін сынау бар. Иләһи заңдылықтарға сай келмегеннің бәрі де сыни талдауға түсіп отырған. Меніңше, мұндай сын мұсылмандықтан өзге жерде бар деп ойламаймын. Мәселен, мешіттегі уағыз барысында халифа Омарға  бір әйел: «Сен мұны дұрыс айтпадың. Дұрысы олай емес, былай болады»,- дейді. Немесе, бір әскербасы маған осылай да осылай істелді дейді. Оған бір қарапайым қатардағы әскер «Әміршім, сіздің айтып отырғаныңыз – барып тұрған қарсылық қой. Егер сен жөнге келмесең, біз сені жөнге саламыз» дейді. Ал ислам ғұламалары мен діндарларының бір мәселені қалай пікірталасқа салғандықтары жайлы тұтастай бір кітап жазып шығуға болады. Мұсылмандықта барлығы да бір бірін сынаған. Мұндай сынға белгілі бір деңгейде түсіністікпен қараған. Мәселен, он бірінші ғасырдың ірі ислам ғұламасы Имам Ғазалидың философтарда бірізділіктің жоқтығын сынаған кітабы болды. Осы еңбекке жауап ретінде біреу былапыт сынмен кітап жазды. Ал ол кезде ислам мемлекеті бар болатын. Әлгі адамды жазалауға да болатын, бірақ жазалау былай тұрсын, оған қарсы бөтен еш нәрсе де айтылмады. Сөйтіп ол өмір сүрді. Демек, түрлі пікірлер де өмір сүрді.

Ал бүгінде ше?

Онда сұрақты былайша өзгерту керек еді: мәселенің шешімін мұсылмандықтан емес, сол мұсылмандықты үйренбейтін немесе білмейтін, білсе де дұрыс түсіндірмейтін адамдардан іздеу керек.

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.