Фетхуллаһ Гүлен француз халқына көңіл айтты

Фетхуллаһ Гүлен француз халқына көңіл айтты

Мен Париж маңындағы Шарли Эбдо атты француз журналына жасалған шабуылды қатаң түрде айыптаймын. Терроризмнің бұндай актілері өте өкінішті, олар қиратып-жойып, қайғы әкелгеннен басқа ешқандай мақсатқа қызмет етпейді. Мен терроризмнің кез-келген формасын өздері мәлімдеген орындаушылары мен мақсаттары не екеніне қарамастан қайта-қайта айыптаймын.

Құрбан болғандардың отбасыларына, жақындарына және Француз халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, таяуда Түркияда, Нигерияда, Йемен мен Пакистанда, Ирак, Сирия, Ливанда болған терактілердің құрбандарына да көңіл айтамын. Әлемдік жетекшілер қай жерде орын алғанына қарамастан осындай күтпеген қайғылы оқиғада қыршын кеткендердің өміріне сезімталдықпен қараса екен деген тілектемін.

Фетхуллаһ Гүлен

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.