Сапаға мән беру

Қарасымен қатар көбейтудің ешбір мәселені шешпейтіндігіне қатысты Құран кәрімде:

«Расында Аллаһ сендерге көп жерде (соғыстарда) көмектесті. Сондай-ақ, Хунейн күні де сендерге жәр-дем берді. Сол күні көптіктеріңе масаттанып едіңдер. Бірақ оның сендерге түк пайдасы тимеді. Тіпті кең бола тұра жер беті сендерге тарылып кетті. Сонан соң, бет бұрып қайта қаштыңдар» – деп анық білдіріледі.[1]

Хунейн шайқасы Аллаһ елшісінің Меккені бағын-дырып, Араб түбегінде мүшіріктерден шын мәнінде басым түскенін көрсеткен соғыс болатын. Алғашқыда мұсылмандар хауазиндіктермен бетпе-бет келгенде, оларды місе тұтпайтындай сыңай танытқан еді. Сол күні сахабалар Аллаһтың көмегімен «Ислам қосынына ешкім қарсы тұра алмайды» деген сенімде болғанын алайда хауазиндік садақшылармен бетпе-бет келгенде, мұсылмандар уақытша сәтсіздікке тап болды. Демек, сахабалардай қасиетті жандардың арасында әлгіндей сенімділікке бой алдырған кісілер кездескені. Адамның көптігіне сенім артып, барлық мәселені шеше алмайтынын осыдан-ақ байқауға болады.

Иә, маңыздысы – жан дүниенің тереңдігі мен сапа. Сахабалар Аллаһқа ерекше жақын болғандықтан, әлгі жерде сәл абдырап қалады, кейін шегінудің өзі олар үшін айтарлықтай күнә еді. Бұл жерде дүниенің қай жерінде болсаң да, қай кезеңінде өмір сүрсең де, сан жағынан көп болудың маңызды емес екендігі ишарат жасалады. Құран кәрімде осы меңзеледі. Бұл аяттың үкімі өзгермейді. Мұсылмандардың саны басым аймақта өмір сүрсең де, әрбір істе Аллаһпен байланыста болып, сапа мен ішкі тереңдікке көбірек мән беру керек.

Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үмбеті ретінде сан жағынан аз әрі әлсіз болсаңыз да, Исламға бет бұрып, дінді жаюға соншалықты құлшыныс танытсаңыз, міндетті түрде Аллаһтың жәрдемін көресіз. Ал керісінше үйге тығылып, рухани байланысты үзіп алсаңыз, Аллаһ өзі сақтасын, сан жағынан қанша жерден көп болсаңыз да құныңыз көк тиын.

[1] «Тәуба» сүресі, 25-аят
Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.