АДАМ БОЙЫНДАҒЫ ҚАБІЛЕТТІҢ ДҰРЫС БАҒАЛАНУЫ
Аллаһ елшісі айналасындағы адамдарын асқан дәлдікпен өз қабілеттеріне қарай таңдай білген. Ол қандай да бір адамға белгілі бір міндет жүктесе, ол сол жауапкершілігін тиянақты атқарып шығатын. Яғни, сол істің адамын жаза баспай дөп таныған. Бұған оның өмірде жасаған барлық іс-әрекеттері куә. Тіпті, оның пайғамбарлығына ешбір дәлел болмаса, тек адамдарды қабілеттеріне қарай қолдануы, әр адамға өз орнына сай жауапкершілік жүктеу мәселесінде ешқандай қателеспеуі һәм кімді қай жерге қойса, өмірінің ақырына дейін әлгі адамның сол міндетін қалтқысыз атқаруы – Аллаһ елшісінің пайғамбарлығына ең үлкен дәлел болмақ.
- жасалған.