БІР ШОҚ ХАДИС
Пайғамбарымыздың барлық сөздерінде көзге ұрып тұратын бір ерекшелік бар. Ол – әр сөзінің тереңдігі. Бұл жайында мыңдаған мысал бар. Бірақ біз әр дәуір адамдарының «Жәуәмиу’л-кәлим» дегендерінің кейбірін ғана қозғаймыз. Әйтсе де Расул сөздерінің бәрі осы мағынаға саяды.
1. Тәухид шыңы
Тирмизи Ибн Аббастан риуаят етеді:
«Ей, жас жігіт! Саған бірнеше сөз үйретейін. Аллаһтың алдындағы борышыңды орында. Сонда Аллаһ та сені сақтайды. Аллаһты үнемі есіңде тұт, сонда Ол қай кезде де сенімен бірге болады. Не қаласаң да Аллаһтан сұра. Көмек сұрағың келсе де, Аллаһтан сұра және мынаны жақсылап жадыңда сақта: барлық үмбет жиналып саған жақсылық жасағысы келсе, Аллаһтың жазғанынан аспайды. Сондай-ақ, барлық адамдар саған қастық ойласа, бәрібір Аллаһтың жазғанынан артық жасай алмайды. Қаламның сиясы құрғап, жазу тоқтаған»[1].
Міне, осындай қысқа ғана сөйлемдерге тағдырға, жазмышқа бағыну секілді аса күрделі мәселелерді сыйғызғаны таңғаларлық. Тәсілі де өте қарапайым.
[1] Тирмизи, Қиамә, 59.
- жасалған.