Майдандағы сенімділік

Хунәйн[1] жорығында дұшпан жағы Ислам әскерін тықсыра бастайды. Барлық сахабалар бет-бетіне тарап, жеңіліске ұшырадық деп үмітсіздікке берілгендей еді. Осы сәт күтпеген жағдай болды. Аллаһ елшісі Аббастың (р.а.) ойнақшыған атына мініп, тізгінді кері тартқанына қарамастан дұшпан әскеріне құйындай тиіп, қырандай шүйлігеді. Ол бейне бір найзағайдай күркіреп, бар даусымен айқай салып барады. «Менің Әбдулмутталибтің немересі екенім қандай шындық болса, Аллаһтың елшісі екенім де сондай шындық!»[2].

Оның осы бір көзсіз қимылынан соң, аз уақыттың ішінде Ислам әскері дереу ес жиып, жұдырықтай жұмылып, бой түзейді. Жеңіліс көп ұзамай жеңіске ұласады.


[1] Хунәйн – Меккенің солтүстік-шығысында (16 шақырым қашықтықтағы) шөлейтті жазық дала.
[2] Бухари, Жиһад, 52; Муслим, Жиһад, 78.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.