Мұсылманның мүшкіл заманы

Қазіргі уақытты бейнелеген хадисте:
«Адамдардың басына бір заман келеді. Сонда сол күннің мұсылманы бүгінгі мұнафықтардың мүміндердің араларына жасырынғанындай бөгденің арасына жасырынады», – делінген[1].

Ол дәуірде мұнафық өзінің шын бейнесін сездірмеу үшін қандай әрекетке баратын еді? Мұсылман да сол сияқты әрекетке көшіп, өзін жасырып, ғибадаттарын көрсетпей, шын бет пердесін қорғауға тырысады. Өйтпесе, оған маза бермейді. Аузынан зұлымдықтың жалыны атқан аждаһалар ондай мейірман жандарды маңына жолатқысы келмейді. Жұмыс орындары мен кейбір мемлекеттік мекемелердің есігі оларға түгелдей жабылып, қоғам ішінде қор әрі төмен саналады.

Басқа бір хадисте дәл осы мәселені толықтырып: «(Селдей асып тасыған) бүліктер болады. Сол күні адам намазы үшін айыпталады. Осы күнгі бір әйелдің зина жасағаны үшін айыпталғаны тәрізді»[2], – деген дәлелдер келтіреді.

Әлбетте, хадисте зина жасаған әйелдің айыпталуы теңеу ретінде сол күннің түсінігіне сай етіп алынған. Алайда бүгінде бұл індеттің бірқатар жерлерде әдеттегі мамандыққа айналғаны ащы шындық болып отыр.

Егер белгілі бір дәуірде келіп-кеткендерді есепке алмасақ, иманды жандардың намазға жығылғаны жат қылықтай айыпталып, жауыз күштің қол астында зар илейтін зұлмат күндер келіп, шынайы мұсылман осы апат заманында жасырынып жүріп өтеді.



[1] Кәнзу’л-Уммал, 11/176.
[2] Кәнзу’л-Уммал, 11/180.


Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.