Өзге хаттар

Пайғамбарымыз басқа өлкелерге де хат жіберген. Бұлардың кейбірі шақыруға жауап беріп, мұсылман болды, кейбірі мұсылман болмаса да, Аллаһ елшісіне құрмет көрсетті. Мысалы, копттардың патшасы Мұқауқыс Аллаһ пен пайғамбардан теріс айналғандардың бірі болды. Аллаһ елшісі оған Хатиб ибн Әби Бәлтаны жіберді. Мұқауқыс мұсылман болмаса да, Хатибке құрмет көрсетіп, сый-сияпат тарту етті. Аллаһ елшісіне де сыйлықтар жіберді. Мария анамыз – да осы сыйлықтардың бірі. Аллаһ елшісі онымен үйленіп, одан Ибраһим деген бала дүниеге келді. Және осы сыйлықтардың арасында ақ қашыр бар еді[1]. «Дүлдүл» атты осы қашыр арабтардың көрген алғашқы қашыры.

Иран шахы Аллаһ елшісінен келген хатты жыртып тас-тайды. Иран осы паршаланған хаттай көп өтпей-ақ жермен-жексен болды[2].

Аллаһ елшісі патшаларға, мемлекет басшыларына және басқа да ықпалды ақсақалдарына хат-хабар жіберіп, тәблиғтың ауқымын кеңейтті. Ол күн сайын алға жылжып, көңіл-сарайларының төрінен орын алып, тақ орнатып жатты. Бейне бір қасиетті тартылыс күшіне ие болып, сол күш арқылы адамдарды өзіне баурап жатқандай. Оның тартылысына түскен әрбір адам мен қоғам нұрлы әлеммен кірігіп, біртұтас болып жатты. Ол көңіл-сарайлардың төріне алтын тақ орнатқаннан кейін, оған қарсы күресу көктегі күнді қара лаймен сылаймын деумен бірдей еді.

Айтқандай-ақ, көп өтпей солай болды да. Ол күнге дейін қасарысқандардың дені бәрі де босқа әуре болғандарын анық аңғарып, арнасын енді тапқан бұлақтай оған жарыса, жамырай қосылып жатты...


[1] Ибн Кәсир, әл-Бидәйа, 5/324.
[2] Бухари, ілім, 7; Муснәд, 1/243.

 

 

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.