5. Пайғамбардың пәк жарлары
Өзіне лайықты жар таңдай білуді, жар таңдауда қателеспеуі де пайғамбарымыздың кісі танығыштығын көрсетеді. Өйткені Аллаһ елшісі мұсылмандарға ана боларлық әрі осы ауыр жауапкершілікті арқалай білетін әйелдерді таңдап, бұл мәселеде де мүлт кетпеген. Осы әйелдердің бәрі де саф алтын болып шықты. Әсіресе, дінді үйрету тұрғысынан бәрі де бір-бір ұстаз болып, ғұламалар тәрбиелеп шығарып, Исламға үлкен еңбек сіңірді. Мәсруқ, Тауыс ибн Кәйсән, Ата ибн Әби Рабах тәрізді данышпан һәм тақуа адамдар иісі мұсылмандардың анасы атанған осы әйелдердің берекетті қайнарынан қанып ішіп, ілім алған.
Иә, Аллаһ елшісі ілгеріде үлкен ұстаз болатын әйелдерді таңдап, шаңырағында оларға ілім алу мүмкіндігін жасайды. Осылайша оларды болашақта пайғамбарлық дағуат-діннің мирасқоры етті. Осы бір мүбәрак әйелдердің арасында Пайғамбардың мақсатына сай қызмет атқармайтын бірде-бір әйел жоқ еді. Әуел баста Хадиша анамыз (р.анһа) барлық дәулетін оның жолына сарп етсе, одан кейінгі әйелдері де Исламды жаюда бар күш-жігерлерін салып, дәл сондай жомарттық жасады. Бұдан біз Хадиша анамыздан бастап (ол кезде әлі Пайғамбарымызға пайғамбарлық берілмесе де, пайғамбарлықтың нышандары бар еді) барлық әйелдерін парасаттылық пен пайғамбарлық нұрымен тани отырып, таңдай білгендігін аңғарамыз. Задында, мұндай дәлме-дәлдікті басқаша түсіндіру мүмкін де емес.

- жасалған.