Қол тазалығы

Тирмизи мен Әбу Дәууд риуаят еткен бір хадисте Аллаһ елшісі: «Тамақтың берекеті –  тамаққа дейін және тамақтан кейін  қол жуу»,– деп ескертеді[1].

Егер асыңыз таза әрі берекетті, бойға сіңімді болсын десеңіз, әр тамақтанардың алдында және артында қол жууға міндеттісіз.
Аллаһ елшісі бұл хадисте тазалыққа, гигиенаға көңіл аудартқан. Ол кезде жай адамдарға бұны ақылмен біле қою қиын болатын. Әсіресе, сол дәуірде өмір сүрген адам тырнақ астында миллиондаған микробтың болатынын білген жоқ. Ол күн тұрмақ, бүгіннің өзінде мұның ғылыми жағын қанша адам пайымдап жатыр дейсің?!

 Аллаһ елшісі қол тазалығына қатты мән берген.Ұйқыдан тұрғанда қандай да бір ыдысқа қол тигізбей тұрып, алдымен қолды жақсылып жуу қажеттігін ескерткен. Оның мәнісі: адам ұйықтап жатқанда қолын қайда жүгірткенін білмейтіндігі[2].

Дәрігерлер бұл жайдың маңыздылығын бүгін ғана түсініп, дабыл қағып отыр. Адам ұйқы кезінде қолын еріксіз әрлі-берлі қозғап, байқамай микроб жұқтырады. Ал, қол жумай тамақ жегенде ішке не кететінін айтып жатудың өзі артық.

Аллаһ елшісі мұның бәрін қайдан білген? Ол заманда микроскоп, рентген сәулесі яки лаборотория секілді осы заманғы ең озық техникамен жабдықталған, технологиялық құрал-саймандар бар ма еді? Жоқ. Алайда, осындай ілімнің бәрін пайғамбарына үйретіп отырған құдіретті Ұлы Ұстаз бар еді. Осы Ұлы Ұстаздың арқасында Пайғамбарымыз барлық үйренгендерін үмбетіне жеткізіп отырды. Сол себепті, оның айтқандарында қылаудай өтірік кездеспеді.



[1] Бухари, Уду’, 26; Әбу Дәууд, Әт’имә, 11; Тирмизи, Әт’имә, 39; Муснәд, 5/441.
[2] Муслим, Тахара, 87; Әбу Дәууд, Тахара, 49; Тирмизи, Тахара, 19.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.