Уәдеге беріктік

Қырық жасына дейін жалған сөйлеп, яки сөзінен тайғанын ешкім көрген де, естіген де емес. Кейіннен сахаба дәрежесіне жеткен бір кісі былай дейді: «Қараңғы дәуірде Аллаһ елшісімен бір жерде кездесетін болып келістік» Жоғарыда айтып өткенімдей, «қараңғылық өмір» – оның өмір сүрген дәуірінің аты. Ол түнек дәуірдің қараңғылығынан алыс болып, нұр аясында өмір сүрді. Әрқашан пайғамбарларға тән өмір жолында жүрді. «Мен берген сөзімді ұмытып кетіппін. Үш күннен соң барып есіме сап ете түсіп, солай қарай жүгіре жөнелдім. Барсам, Аллаһ елшісі сол жерде әлі күтіп тұр екен. Маған ашуланған да, ренжіген де жоқ. Тек: «Ей, жас жігіт! Мені әуреге салдың. Үш күннен бері сені осы жерде күтіп тұрмын»,– деді[1].



[1] Әбу Дәууд, Әдәб, 82 ( Бұл Абдуллаһ ибн Аби’л-Хамза еді).

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.