Зере
Бухариде, Әбу Хурәйрадан риуаят етілген хадисте:
«Зере[1] – өлімнен басқа аурудың бәріне ем»,– делінген[2].
«Басқа аурудың бәріне» деген сөз тіркесі – арабшада «көпшілігінен» деген де мағынаны білдіреді. Егер осы бір өсімдіктің емдік қасиеті жан-жақты зерттелсе, ол қаншама дертке шипа болар еді.
Хадис-шәріпте екі мәселеге назар аударылған.
Біріншісі, Зеренің ем екендігі.
Екіншісі, оның да өлімге дауа бола алмауы.
Біз мәселенің ғылыми жағын мамандарға тапсырып, өзге қырын қозғайық.
Ауырғанда, әсіресе, сырқаттан айығып келе жатқан уақытта ағза протеинді көп қажетсінеді. Сондай-ақ нәрлі тағамдар мен витаминдер де адамның тез сауығып кетуіне көмектеседі. Дәрігерлер сырқат кісілерге әдетте осыларды қолдануға кеңес береді. Өйткені олар ауырған адамның күш-қуатын қалпына келтіреді әрі тағамды тез сіңіруге көмектеседі. Ғылыми зерттеулер осы ерекшеліктердің барлығы зере өсімдігінде кездесетінін анықтаған.
Бұның барлығы да Пайғамбарымыздың растығын дәлелдейді.
[1] Чёрный тмин
[2] Бухари, Тыбб, 7; Муслим, Сәләм, 88.
- жасалған.