Әділдік
Әділдік тәрізді қуатты әрі еш уақытта жеңіліс таппайтын армия жоқ.
Егер әділдік жазалаушы қылыш боп төнсе, оған бас ию-ден тартынба...!
Ақиқат өзінің уағыздаушысы мен қабылдаушысын, өзін түсінетін жан мен өзіне селқос қарамайтын адамды тапқанда ғана қанаттанады.
Әділдік – ешқашан құнын жоғалтпайтын капитал.
Әділдік – адамды Аллаһқа жақындататын жолдардың бірі, бірақ неліктен екені белгісіз, адамдардың көбі одан жырақ жүргенді қалайды.
Исламның қамалы – дұрыстық, қақпасы – әділдік, іші – бақыт.
Әділдік туы желбіреген үйінділердің өзі салтанатты сарайлардан да қымбат. Ал әділетсіздік жайлаған салтанатты сарайлар үйінділерден де жаман.
Ғайып хақында білім мен сенімнің күшті болуы дұрыстық пен әділет жайлы түсініктің де дұрыс әрі күшті екенін көрсетпек.
Ақиқатқа қарсы шығып, қыр көрсеткен адам ерте ме, кеш пе, бәрібір жермен-жексен болады.
Басқаларға күш көрсеткен кезде, сенен де зор күштің бар екенін ұмытпа!
- жасалған.