Ажырасу

Ажырасу – жеке тұлғаның неке тіркеуінен шығып, өз басын жұбайылық өмірден азат етіп алуы. Кейде ол адамның көңілін жайландырып, уайымын азайтатындай боп көрінсе де, көбінесе ажырасу  бақытсыздық пен масқаралықты өзімен бірге ала келеді.

Ажырасу – діни тұрғыдан алсақ, рұқсат етілген әрекеттердің ішінде Аллаһ алдындағы ең ұнамсыз амал. Алайда бұл амал жағымсыз болғанымен оған тыйым салу да табиғи емес.

Отбасын бұзуға итермелейтін себептерге мән бермеу, елемеу адам табиғаты мен  оның ерекшеліктерін білмеуден туындайды. Барлық үйленгендердің бақытты болуын күту – барлық адамның табиғаты мен мінез-құлқын бірдей көретін аңғалдықтың белгісі.

Ерлі-зайыптылар алды-артын ойламай ажырасатын болса, бұл – ажырасқан жан үшін орны толмас өкініш, жолдасы сырт айналған адам үшін әділетсіздік және отбасы үшін де аузы ашылған жара сияқты үнемі сыздап тұратын бақытсыздық...

Ажырасу – сырқат ағзаны хирургиялық жолмен емдеу деп есептесек,  саналы түрде үйлену  денсаулықтың кепілі болып табылатын гигиенаның сақталуы іспетті. Сондықтан ажырасу арқылы отбасын бұзудан, немесе ажырасуға мүлдем тыйым салу арқылы адамның ар-ожданына қол сұғудан бұрын ерлі-зайыптылар өзара қарым-қатынасын үйлестіруі тиіс және осы үйлесімнің негізін құрайтын шарттарды сақтауы қажет.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.