Баспасөз
Баспасөз – халықтың үні, бұқараның жол сілтеушісі және көптің пікірін тарататын құрал. Зұлымдық пен қатыгездік билік еткен кезде, оның сойылын соғып, қол шоқпарына айналған кездері болған.
Әрбір қолына қалам алған жан жазып отырғанына есеп беріп, әдеттен аспай, абыройын сақтауы тиіс. Әйтпесе, пайда әкелемін деп, зиян келтіруі мүмкін...
Жазушылары мен редакторлары ұлттық рух пен мүддеге қатысты ойларын ашық айта алмаған ұлттар көбіне «вавилондық тұтқындалудың» кезекті мысалдары болып қала бермек.
Баспасөз бетінде дұрыс әрі бұрыс пікірлер айтыла береді, алайда ол ұлт пен ұлттың рухына сай келуі қажет.
Баспасөз бен телекомпаниялар жеке тұлғалардың, белгілі бір күштердің немесе топтың және алпауыттардың ғана сойылын соқпай, ұлтты тура жолға бастауы тиіс.
Топырақ астында залымдық пен цензураның кесірінен жазылмай қалған көптеген кітаптарды өздерімен қоса ала кетіп, шіріп жатқан қаншама бас сүйек бар..!
- жасалған.