Достық пен жолдастық
Достары мен жолдастарын құрметтеп, оларға жақсылық жасаған адам дұшпанына қарсы көптеген қорғаушы мен қолдаушылар табады.
Адам доссыз өмір сүре алмайды және оның адал болуы басты шарт. Адам жан тыныштығына, қауіпсіз өмірге және өзге де жағдайларда сенімді болуына достарының арқасында қол жеткізе алады.
Айналасындағылармен ара-қатынасы нашарлаған кезде ортадағы жайсыздықтарды дереу жойып, достығын қайта жаңғырта алған адам – ақылды кісі. Бұдан да ақылдырағы – естілік танытып, достарымен ешқашан жүз шайыспау.
Астыртын ши жүргізушілермен қатар, жасырын түрде қол ұшын созатын достар да болады. Жасырын дос өзін көрсету үшін жасаған жақсылықтарын айтып жағымпазданбайды. Сол себепті де қасыңды анықтауда қандай күш жұмсасаң, дос іздеуде де айрықша ыждағаттылық танытуымыз қажет. Өйткені жолдан табысқан дос ойлағанымыздай сенімді болмауы мүмкін.
Достар араларындағы сыйластық пен түсіністіктің баянды болуын қаласа, адал және орынды істерде бір-біріне түсіністікпен қарап, өз бас пайдаларынан бас тарта білуі керек. Ниеттері мен іс-әрекеттерінде бір-біріне жанкештілік көрсете алмағандардың достығы да қысқа әрі өтпелі болмақ.
Адамның досына адалдығы олардың қайғысын жүрегімен терең сезініп, қуанышын бөлісе алуымен өлшенеді. Досы жылаған кезде жыламаған, күлгенде қосыла күле алмаған адам адал дос балып жарытпайды.
Шынайы достық пен бауырластық дос пен бауырлардың сын сағаттарда бір-бірін тастамауына байланысты. Қиын әрі қатерлі сәттерде досының жанынан табылмаған адам – опасыз адам.
Адамның барлық әрекетін шыбындаған аттай бас шұлғып, қолпаштай беретін достан гөрі оны сүрінген жерде қолтығынан демеген адам ғана нағыз дос.
Айналасындағылармен жиі сөзге келіп қалатын адамның достары да аз болады. Достарының көп әрі адал болғанын қалаған адам олармен болмашы нәрселер үшін айтысып-тартысудан сақтануы керек.
Өзін сыйлай білген, қадірін жоғалтпаған адамды басқалар да төбесіне көтереді.
Достық адалдықты талап етеді. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Түлкідей жағымпазданып, иттей жарамсақтанып дос болғандардың достығы қыр аспайды.
- жасалған.