Дұға

Дұға – рух «азығы». Бұл «азық» адамның рухына ұдайы берілу қажет.

Дұға – ынта-жігерге күш беретін сиқыр, оның күшті құпия-сырын тек дұғаны үзбей жасайтындар ғана түсінеді.

Дұға – құлдың себеп пен салдарды аттап өтіп, Аллаһ Тағаланың Құдіретіне сенуі мен өзінің әлсіздігін мойындауы.

Дұғаның күшін жойып жіберетін «вирус» – шынайы күшті себептерден деп білу. Мұндай індетке душар болған рухты уақыт оздырмай емдеу қажет.

Зұлымдыққа қарсы жасалған ең жақсы дұға – тыныштық пен есендік уақытында жасалған дұға.

Уа, Аллаһ Тағалам, Өзіңе және дұғаларға деген сенімімді арттыр, ал себептерді ескеруімді өз борышым ретінде сезіндіре гөр...!

Уа, Аллаһым! Азабыңа шыдайтын әлім де, шексіз Мейіріміңнен құр қалатын халім де жоқ...

Уа, Жаратқан! Опасыздық жасап Сенен алыстап кетсем де, жағдайым Саған мұқтаж екенімді жар салып тұр. Опасыздығым үшін емес, Саған мұқтаж болғандықтан, Сенің рақымыңа сиынамын!..

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.