Ғылым мен надандық

Фетхуллаһ Гүлен: Ғылым мен надандық

Мәліметтерді басқа қайнар көздерден жинақтап жаңа кітап жазу – мәлім жайттарды қайталау тұрғысынан пайдалы болғанымен, адамның шабыты және өздігінен қорытынды шығару рухын сал қылу жағынан оның мыңдаған зияны бар...

Ғылым – тура жолға салатын маңызды құрал, әсіресе ол уахиге (Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген хабар) сүйеніп одан нәр алса, онда оның таным шеңбері жер мен көктен де кеңейіп, мүлде ерекше маңызға ие болады.

Қазіргі таңда жаңалық ашушылардың емес, еліктеушілер-дің қатары көбейіп келеді. Бәрін өзгертетін рухы қайсар жандар қажет. Кітап, мектептер, есіктер, парталар – бәрі де өзгереді. Мұндайда ең алдымен сыннан бастау қажет.

Ең нашар дос – надандық, ал ең адал жолдас – ғылым.

Ғылым биязылықпен ұштасқан сайын тұңғиыққа соғұрлым бойлай түсесің.

Надан ашуға мінген кезде айқайлап, жанжалға бастайды, ал ақылды ашуын ақылға жеңдіріп сабыр сақтайды әрі қажетті іс-шараны ойластырады.

Нағыз абырой ғылым, биязылық, ғибадат секілді берік үш тағанға негізделеді.

Білім іс-әрекетке айналмаса, ерте ме, кеш пе ұмытылады.

Қажеттілік – ғылыми жаңалықтардың қырағы жол сіл-теушісі.

Ұғыну басқа, білу басқа; мың түрлі нәрсені білгеннен гөрі бір нәрсені ұғыну артық.

«Білмеймін» деген сөзді айтуды үйрен. Бұл сені әрдайым өзіңді жетілдіріп отыруға баулиды, әрі сен ешқашан да өзіңнің білімсіздігің үшін қызарақтамайтын боласың.

Түрлі жарыстар сияқты ой жұтаңдығына қатысты жарыс ұйымдастырыла қалса, сөз жоқ, надандық бұл жарыста алдына жан салмай жүлдегер атанар еді...

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.