Хикмет тұрғысынан ар-ождан

Ар-ождан – адамның өзін және болмысын сезіп-білуі. Ол – рухтың қалау, сезу, ұғу әрі үнемі шексіздікке ұмтылу секілді алға сүйрейтін қасиеттерін білдіреді. 

Рухтың ерік-жігер, сезім, сана мен жүрек сияқты сезіп-білу құралдары ар-ожданның да маңызды негіздері болып табылады. Ол осы дүниеде адамды кәмілдікке, арғы дүниеде мәңгілік бақыт пен Аллаһ Тағаланың дидарын көруге жеткізеді.

Ар-ождан – Хақ Тағаланы көрсететін жарқын айна және Оның өзіне тән құдайылық болмысының жеткізушісі болуы тұрғысынан теңдесі жоқ таным тілі. Оған тек өзінің бар екендігін сездіретін рух және дауысын еститін жан иесі болса болғаны..!

Ар-ождан рухтың сезімі, көрушісі мен танып-білушісі болғандықтан, әрдайым мекен ұғымынан тысқары, сырға толы арғы әлемге есігі ашық, өлшемдері тура және періштедей пәк.

Мүфтилер көп және олардың бәрі өз қабілеттеріне қарай белгілі бір принциптерге сүйене отырып тоқтамға келеді. Ар-ождан – аса қырағы, пәтуа берген кезде ақиқатты ту етіп ұстайтын, өз байламдары арқылы ешкімді адастырмайтын және ешкімге әділетсіздік жасамайтын мүфти.

Халықтың ар-ожданы басым көпшіліктің сезімі, танымы және санасы болғандықтан, оның жаңылысуы кемде-кем. Егер оның білімі мен тәжірибесі бір шабыт қайнарына сүйенетін болса,  онда қателесу мүмкіндігі тіпті азаяр еді...

Жалпыға тән ар-ождан қателеспейтін әрі адастырмайтын төреші секілді. Оның берген үкіміне бәрі риза болып, әміріне мойынсұнуы тиіс. Дау тудырған мәселелерде соңғы сөзді ар-ождан айтады.

Міндет – Аллаһ Тағала бұйырған, ар-ожданы таза пайғамбарлар салып кеткен сара жолмен жүру. Ал ондай абыройлы міндеттен бас тарту дұрыс емес. Аллаһ Тағала – шексіз әмір иесі, ождан – оның ең тура айнасы. Кейде айнадағы бейне бұлдырап, анық шалынбауы мүмкін, алайда ол үнемі ақиқатты көрсетеді.

Адам іс-әрекетінің жүйелі болуы оның рухы мен ойының үйлесім табуына, оның бойынан ескен иләһи леп иманының тереңдігіне байланысты...

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.