Иманды адам бір-ақ рет алданады
Әр биік арман мен ұлы мақсат жүйелі ойлау мен дұрыс жобаның нәтижесінде жүзеге асады, сосын қолдаушылар тауып, олардың бақтарына күлімдейтін михрабқа айналады. Мұндай иесіз жұртқа ұлып қайтқан ой жарық көрмей жатып, жарға соғылады.
Бары мен жоғы, басы мен аяғы еркімізге бағынбайтын құбылыстарға және сол секілді басқа да тұрақсыз факторларға қандай да бір шешім немесе идея ешқашан негізделмеуі керек. Түпкі мақсатына осылар арқылы қол жеткізгісі келгендер сан соғып, сазға отырса, болашағын осыларға негіздеп құрғандар өз қолымен тұрғызған «кер-уен-сарайдың» астында жаншылып қалады.
Кез келген идеяда мақсаттың ұлылығы, ой мен жоспардың нақтылығы, сол мақсатқа берілген адамдардың шынайы әрі ықыласты болуы аса маңызды элементтер ретінде алға шығады. Сонымен қатар, ойластырылған іс жүзеге асуы үшін қажетті себептер мен нәтиженің ара-қатынасын дұрыс анықтау да сондай маңызды. Нәтижеге жеткізуі неғайбыл және талқыға салынбаған, құпталмаған себептерге сүйеніп жолға шыққандар өздерінің соңынан ергендерді адастырып қана қоймай, олардың үмітіне балта шабады және өздеріне де қиянат жасайды.
Ақиқат тек ақиқатқа сүйеніп, ең абзал жолдармен іздестірілу керек. Оны ақиқаттың жұрнағы жоқ кеңістіктен іздеу – зейінсіздік, бұрыс себептердің қараңғылығында жүру – адасқандық.
Жағымды жағымсызға негізделе алмайды. Жағымдының жағымсыздық арасындағы орны айналып тұрған есіктердің арасынан өтумен барабар. Ол осы есіктердің бірде-біреуіне соқтықпай алға жылжуы тиіс.
Мәңгілік ақиқаттар өткінші және тұрақсыз құбылыстарға негізделмейді. Жүзбелі бір аралға стратегиялық маңызы зор нысандарды салу қандай ерсілік болса, басқалар басқаратын жүйеге тәуелді болып қалған кезде, Хақ жолында қызмет ету ауыр немесе мүмкін емес.
- жасалған.