Жалғыздық

Жалғыздық сезімі – жүрегін мәңгілікке бағыттай алмаған, рухына мәңгілік сезімін сіңіре алмаған бейшара және бейқамдардың жазылмас жарасы. Мұндай адамдар сезімі иманмен қанаттанбайынша, рухы болмыстың шынайы дидарын көрмейінше, үмітсіздіктің шырғалаңынан құтылмайды және барша болмыспен тұтасып, адамдармен дос және бауыр болып кете алмайды.