Жалғандық хикмет тұрғысынан

Өтірік – күпірліктің сөзі. Ол осы дүниеде адамды орға жықса, арғы дүниеде Жәһәннамға апарады.

Өтірік – жағымпаз, шындық – салмақты және абыройлы. Өтірік – мылжың сөз әрі жеңілтектік, шындық – абырой мен ұлылық.

Өтірік, айлакерлік, ұрлық пен жала кең тараған елдер қираған үйінділер іспетті. Мұндай елдің халқы кедей, әскері содыр келеді...

Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам, бетін қандай бетпердемен бүркемелесе де, қоғамның назарынан жасырынып қала алмайды. Әсіресе, ақиқат нұрымен қарайтын қырағы адамдардың көзінен...

Өтірік кең етек жайып, қалың ел зар қақсаған кезде, ақиқаттың тілі күрмеледі.

Қоғамдық ар-ождан теңіз сияқты, жалған оның ортасына дейін жетсе де, толқын оны жағалауға шығарып тастайды.

Өтіріктің, күпірліктің, ақиқатты бұрмалаудың, көз-бояушылықтың бетіне түкіріп, оны қор санайтын бір құндылық бар болса, ол – ар-ождан.

Өтірік пен көзбояушылық дабыра-шудан, ақиқат пен шынайылық үнсіздіктен білінеді. Найзағай жарығы күннің күркірінен бұрын «мақсатына» жетеді...

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.