Қарама-қайшылықтар
Басы артық сезімдерден, ұғымдардан арылып, әу бастағы таза болмысыңа жетуді, адамдық асыл қасиеттерді дамытып, тақуа болуды ойлайсың... Алайда, тәннің дегенінен, жаман әдеттерден арылмайынша бұл қалайша жүзеге аспақ?!..
Жүрегіңде «таухидқа» (бірлікке) жетуді және рухани ләззат алуды көздейсің ғой. Бірақ... жан сарайыңды әр түрлі лас сезімдер билеп, тәннің дегенінен аса алмасаң, бұл қалайша орындалмақ?!..
Қанат қағып көктердің арғы жағындағы әлемге жетуді армандайсың, бірақ бала сияқты жалған дүниенің балшығына байланып қалсаң, әлгі арманың қалайша жүзеге ассын?!
Ғасырлар бойы қордаланған проблемаларды шешкің келеді; батыл болмасаң, қайратыңды жанымасаң, жүрегіңді үмітпен әлдилемесең, мақсатыңа жету үшін жылдар бойы, ғасырлар бойы күтуге, шыдауға бел байламасаң, бұл арманың қалай орындалмақ?!..
Жаратушыны тауып, рухани қажеттіліктеріңнің толықтай қанағаттандырылуын армандайсың, егер күн батқанға де-йін оразаңды бұзбай оның қиындықтарына сабырсыздық танытсаң, бұл арманыңа қалай жетпексің?!..
Үнемі жұрттың назарында болып, олардың өзіңе қошемет көрсетуін қалайсың, бірақ берген антыңды күніне жүз рет бұзсаң, ол қалайша жүзеге аспақ?!..
Өзіңді кемшіліктен ада, мінсіз адаммын деп ойлайсың және елдің бәрі солай қабылдаса дейсің, құдайдың құтты күні мыңдаған күнә жасасаң, елдің көзінше қайшы әрекеттерге барсаң, оған қалай қол жеткізесің...?!
- жасалған.