Кемел кісілердің иманы
Аллаһ Тағаланың разылығы үшін халыққа қызмет ету – ең ұлы мақсат. Оны бүкіл пенделіктен жоғары қою. Ақиқатты тауып, танығаннан кейін жаннан артық көретін барлық асылдарымыз бен жасылдарымызды Оның разылығы үшін құрбан етуден тайынбайтындай сенімді болу. Ұлы мақсатымыз үшін жан төзгісіз қиындықтарға төтеп беріп, осы және келер ұрпақтың шынайы бақытқа жеткізетін жолын ашу. Бүкіл материалдық-рухани ләззаттардан бас тартып, өз бақытын басқалардың бақытты болуынан іздеу. «Қызметте алда, ал сый-сыяпат алуда ең соңында болу» принципі бойынша, мансап пен билік үшін күрестен, оңай жолмен олжа табудан мүлдем алшақ тұру – өмірім мен болмысымның басты мәні.
Кез келген игі істің басында жүретіндіктен, бастамашы адамдарға тән әрбір жақсы қасиет еселей өсіп, соңындағыларға өтеді. Сонымен қатар олардың жаман мінездері мен жат қылықтары соңына ергендерді табиғи таза болмыстарынан алыстатып, оларды жеккөрінішті, еліктегіш бейшараларға айналдырады.
- жасалған.