Адамдық пен кеңпейілділік
Сен жұрттан не күтсең, халық та сенен соны күтеді.
Ешбір қарымын күтпестен басқаларға қол ұшын беруге асығу – Аллаһтың өзіңе деген рақымдылығын арттыруға септігін тигізетін ең көркем дұға.
Жылы-шыраймен болса да, бауырыңның көңілін табу мүмкіндігін қапы жібермегейсің!
Адамдарды жақсы көріп, жақсы көргендігіңді сездіру – ақылдың белгісі.
Адамдардың саған деген көзқарасы сенің оларға деген көзқарасыңа байланысты.
Ниеті түзу болғанына қарамастан, үнемі айналасын-дағыларға дауысын көтеріп сөйлейтіндер доcтарын өзінен бездіріп, дұшпандарының мерейін өсіреді.
Көрінген жерге араласып, мұрнын сұққан кісі жазғырудан еш құтыла алмайды...
Сені шаттыққа бөлейтін нәрселердің басқаларды да қуантатынын ұмытпа!
Айналасындағылардың күшін өз орнымен қолдана алған кісі ақылды адам... Ақымақ және қолынан іс келмейтіндер басқалардың күшін қолдану түгілі, айналасындағыларды сынау арқылы бұл күшті өзіне қарсы қойып алады.
Қоңсылық қоңсылықтың қадірін білгенге жасалады...
Өзіңе қастық ойлаған адамды мейіріміңмен жұмсартып көр!
Жазасын беруге күшің жетіп тұрған кезде, кешірімді бола біл. Кешірімнің де қадірі білінсін.
Бауырларыңның көп екенін ұмытпа! Олар бір әке, бір шешеден тарамаса да, атаң Адамнан тарайды.
Жаратқанның еркіне толық мойынсұнғандарға қарағанда, бірбеткей фанатиктер айналасын қиратып жоюды ғана біледі.
Бәрін ырза қылу әркімнің қолынан келе бермейді.
Өзіңе біреу жақсылық жасасын десең, оны алдымен өзің көрсете біл.
Дұшпандық адамды көрсоқыр етіп, мейірімсіз дүлейге айналдырады.
Жаманды-жақсылы басқаларға істегендеріміз ертең алдымыздан шығады. Не ексең, соны орасың.
Кемел адам шам сияқты, өзі жанып түгесілсе де, басқаларға жарық шашып кетеді.
Тілі ұзын, аяғы қысқалық жыландарға жарасса, адам үшін ол жыланға айналу болып саналады.
Жазықтыны жазалауға соғұрлым мүмкіндігі бола тұрып, оны кешірген адамның қадірі артады.
- жасалған.