Қарым-қатынас пен іс-қимыл
Діндарлық іс-қимыл арқылы белгілі болады.
Мүмін жасайтын шаруасын Аллаһ Тағаланың талқысына ұсынатындай етіп сапалы жасайды.
Жаңбыр бұлттан, көркем мінез Аллаһты ұмытпайтын жүректерден пайда болады.
Барлық нәрсені бақылауға алуға болады, ал осы мінез дегенді...
Ес біліп, етек жапқан бала анасының омырауына жармасса, ұят-ақ, ал бұл әдетін қоймаса, одан тыйылуы тым қиын...
Ашуын сыртқа шығармайтын жанның ашуы қорқынышты ...
Қисық ағаштың көлеңкесінің түзу болмайтыны сияқты жүрегінде ақауы бардың (рухани тұрғыдан – ауд.) іс-әрекеттері де түзу болмақ емес.
Халық ісіңе қарай бағалайды. Халықтың саған көзқарасы түзу болсын десең, әдепті бол.
Адамның денсаулығынан тәтті, басқаларға кіріптар болудан ащы және өмір сүрудің бүкіл шарты Жаратқанның тура жолымен жүруіңе кесе көлденең келіп, өткел бермей тұрған кезде, діндар болудан қиын нәрсе жоқ.
Іспен ұштаспаған сөз, Аллаһтан қорқуды білмеген фиқһ ілімі (шариғат заңдарын реттейтін ғылым саласы, юрис-пруденция), әулиелік пен тақуалыққа апармайтын ғылым, сенімсіз достық пен құлықсыз өмір – барлығы да шөлдегі сағымға тең.
Шіләханалар ерік-жігерді шыңдайды. Кісі ол жерде өз-өзін табады. Шіләханада дүниенің күйбең тіршілігіне араласпау – басты шарт. Бұл өз кезегінде ішкі және сыртқы жетілуді қажет етеді. Бірақ жақсы тұлға шіләханада емес, қоғам ішінде дамып-жетіледі. Адами қатынастардың не екенін тек қоғам ортасында жақсы білуге болады.
Сүйген жар, сүйіскен достай бірге болыңдар, бірақ іс пен қатынастарыңда әдептен аспаңдар!
Өзіңді танытамын деп босқа арам тер болма, сені ісің мен әрекетің танытсын!
- жасалған.