Махаббат қаһармандары
Болашақтың жарқын да жан жадыратар әлемін тек махаббат шырағын маздатқан қаһармандар жасайды. Олар – жүрегін махаббаттың құсы қонатын ұяға айналдырған, көздері асыл сезімдермен «жадыланған», барлық жаратылысқа жылы жымия қарайтын қаһармандар. Олар атқан таң мен батқан күннен, жымың қағып жыпырлаған жұлдыздардан сүйіспеншіліктің сүйрік саусағына тағылған гауһар жүзікті байқайды...
Айналасындағыларға тек сүйіспеншілікпен қарауды дәстүрге айналдырғандардың ашу-ызасының өзі айбынды болғандықтан, адамды жөнге салады. Сол себепті де олардың ашу-ызасының өзінен қалай айналып кетпессің...?!
- жасалған.