Махаббат даналық тұрғысынан

Фетхуллаһ Гүлен: Махаббат даналық тұрғысынан

Махаббат – осы дүниедегі не көрікті ұмтылысты және рухани сұлулыққа құштарлықты білдірмек. Осы дүниедегі сүйіспеншілік тәнге, ал рухани сұлулыққа сүйіспеншілік рух пен ар-ожданға қатысты. Осы дүниедегі сұлулық мәңгілік емес, сол себепті мұндай сүйіспеншілік қайғылы әрі мұңды, ал рухани сүйіспеншілік мәңгілік алау секілді және уайым-қайғыдан азат.

«Жүректе махаббат шынайы болса, дұшпандық сезімі шартты, ал дұшпандық шынайы болса, онда махаббат шартты түрде болады» деген сөз – көптеген қиын мәселелерді шешетін сиқырлы кілт.

Көксеген арманына қол жеткізіп, оның ләззатын татқан адам үмітімен қоса махаббатын да жоғалтады. Үміт пен махаббат үнемі ізденуші жандардың қос қанаты және іздеу барысында үнемі солармен бірге болады.

Дәрігерлер қандай ауру екенін белгілеріне қарап біледі, ал науқас оны өз бойында сезінеді. Осы сияқты да махаббаттың қадірін ғашық болған адам, ал ғашықтықты құлай сүйген, иләһи тартылысты оған душар болған, рухани ләззаттарды дана-білгірлер біледі, міне, хал ілімі дегеніміз – осы!..

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.