Көркем мінез
Ғалым болу бір басқа, адам болу бір басқа. Ғалым білімімен адамзаттың игілігіне қызмет етіп, ғалымдығын көркем мінез және ізгілігімен үйлестіре алған жағдайда жалаң ақиқаттың ауыр жүгін арқалаудан құтылып, ұлық адам дәрежесіне жетеді. Ал керісінше болған жағдайда, өмірін босқа өткізген бейбақтан ешқандай өзгешелігі қалмайды. Темір тәрізді надандықты алтындай пайдалы да құнды қылатын – тек көркем мінез бен ізгілік.
Өзің алдансаң да, ешкімді алдама..! Басыңа қиындығы қылша шатқалдай ауыр күн туса да, ешқашан адалдықтың ала жібін аттама!
Қазіргі уақтытта адамдар бұрынғылар секілді көркем мінезді бүкіл ізгі, асыл қасиеттердің жиынтығы деп қана қабылдамайды. Заман ауанымен және ағысымен жүрген адамдар оны көбінесе әлеуметтік тәрбие мен әдептіліктің үлгісі ретінде көргісі келеді. Өкінішке қарай, ол туралы ұғымымыз аласарса да, соның өзін көптеген адамдардың бойынан көре алмаймыз ғой.
Көркем мінез адам баласының әрекеттеріне қатысты кейбір жоғарғы принциптерді қамтиды, бұл принциптерге рухты кемеліне келтіру арқылы қол жеткізе алады. Өз рухын тани алмағандар әдептіліктің қарапайым қағидаларының өзін сақтай алмай жатады.
Баяғыда «әдептілік тек кітап жүзінде ғана» дейтін еді. Қазір болса, «көне кітаптардың бетінде қалды» дейтінді шығарыпты. Қалай болғанда да, бұл «ескі» құндылық талай «жаңаның» орнына алмастыруға лайық.
Басқалар үшін өз пайдасынан бас тарту – рух асқақтығы мен бекзаттықтың белгісі. Қалтқысыз көңілден, қайтарымын күтпей жақсылық жасаушылар, күтпеген жерден өзінің барлық ізгі ойлары мен істері алдынан шыққан кезде шашу тергендей шаттанып, тағдырына алтын алғысын айтып, күміс күлкісін тарту етеді.
- жасалған.