Насихат
Насихат – діни өмірдің негізгі тірегі.
Егер үгіт-насихаттың пайдасы болмаса, Аллаһ пайғамбарларды жіберер ме еді?
Үгіт-насихат – жақсылыққа жеткізетін маңызды дәнекер. Жақсылықтың дәнекері жақсылық болатындай, сауаптың дәнекері де сауап болмақ.
Уағыз айтушы адам айтқандарын ең әуелі өзі көрсетуі керек, сол кезде ғана оған адамдар сенеді. Меніңше, өткен ұрпақтың ықпалды, қазіргі буынның беделден жұрдай болуының себебін осыдан іздеу керек.
Көкірегіне сәуле түспеген көрсоқырлардың соңына ергеннен гөрі, өз орныңнан тапжылма, сонда межеңе жақынырақ боласың.
Көңілдің кілті – жұмсақ мінез бен жылы сөз.
Нағыз уағызшы – жамағатты сол сәтте тегіс көріп, оларды өз ырқына көндіре алған кісі.
Қандай да бір істі сөзбен түсіндіргеннен гөрі қолмен істеп көрсетудің ықпалы әрдайым басым болған.
Сөзің жібектей жұмсақ болсын, сонда саған құлақ түрген «көген көз» көңілдердің құлпы ашылады. Жүрегің жұмсақ болсын, сонда жүректер саған есігін айқара ашады. Ниетің неғұрлым таза, пәк болса, ықпалың соғұрлым ұзақ сақталатын болады.
Егер сөзіңнің адамдарға әсер етпегенін сезсең, онда сол сәттегі ізгі ниеттен шыққан ренішің олардың ар-ожданын түртіп оятуы мүмкін...
Жақсылықтан да өткен жақсылық, жамандықтан да өткен жамандық бар... Олардың қайсысын қай уақытта таңдау қажеттігін парасатты һәм иләһи шабытқа көкірегі сезімтал жандар ғана біледі.
- жасалған.