Сабыр
Сабырлылық жанның сыздауын басатын емдік шөп сияқты, ол тым ащы болғанымен, шипалы.
Әр қиындықтың түбінде бір жеңілдік болары сөзсіз, бірақ ақыр-аяғына шыдау керек.
Сабыр мен жетістік – екі түрлі болса да, негізінде екеуі егіз ұғым.
Теңіз тамшылардан тұрады, алайда тамшының теңізге айналу кезеңін уақытынан бұрын жасауға Жартушыдан басқа ешкімнің де шамасы келмейді...
Асықпау – тілектер орындалуының ең жақсы жолы. Асықпаған арбамен қоян алады.
Асығыстық жасаушының қоймасында ең көп кездесетін нәрсе – қателіктер.
Алып шыңдардың жолы жазықтардан басталады.. әрине сабырлылар үшін...
Басы удай ащы, соңы балдай тәтті нәрсе бар болса, ол – сабырлық.
Сабыр сақтау – қиындыққа тап болған сәттерде ұстамды болу. Сондықтан да әулие кісілер уақыты келместен бұрын Жаратқаннан өзін сабырлы етуін сұрауды орынсыз санаған.
- жасалған.