Жастық шақ
Жас буынға мейірімділік таныту – ұлтымыз бен отанымызға қызмет ету жолында жасалған маңызды қадам. Алайда мейірімділік олардың жүрегі мен рухани өміріне бағытталған кезде ғана пайдалы, ал олардың тән құмарлығы мен басқадай да әуейі қылықтарына осындай жұмсақтық көрсетілсе, керісінше, бұл оларды нағыз жыртқыш хайуандарға айналдыруы мүмкін.
Жас ұрпақтың тәрбиесіне мән берген ұлт өркен жайса, ал оларды жастыққа тән желіктің жетегіне жіберіп, оларды бетімен қоя бергендер немқұрайдылықтың жазасын тартқан. Егер бүгінгі таңда айналамызды сатқындық рухы жайлап, жас ұрпақ күн өткен сайын қанын ішіне тартып, қатыгез болып бара жатса, ол біздің немқұрайдылығымыздың нәтижесі. Иә, бұлттан бой асырып, биіктерді бағындырамыз деп жүргенде мұрны-мыздың астындағыны, тіпті жатын бөлмемізге дейін кі-ріп кеткен жыландар мен шаяндарды байқамай да қалдық. Біз өз қолымызбен өзімізге ор қаздық...
- жасалған.