Шыншылдық

Шыншылдықты ту еткен адам жеңілген күннің өзінде еңсесін тік ұстайды, ал шындықтан іргесін аулақ салған адам қанша жеңіске жетсе де, бәрібір мерейі үстем болмайды.

Шынайылықтың болмысы әсем, оны әдетке айналдырған адам да сүйкімді. Ол батпаққа түсіп кетсе де, пәк және таза, ал шындыққа қаны қас адам өзін хош иіспен қанша бүркемелесе де, лас һәм сүйкімсіз...

Түс пен пішін өзгерсе де, мән өзгермейді. Атақ пен мансап өзгерсе де, табиғат өзгермейді. Адамдарды көбіне алдайтын – түс пен пішін, атақ пен мансап.

Әлсізге тізесін батырған залым басым түсіп, үстем болса да, жеңілген болып саналады, ал әділдікті ұстанған адам жеңілсе де, жеңіс соның жағында болады.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.