Тәухид (Бір Аллаһқа сиыну) және Аллаһқа деген сүйіспеншілік
Егер біреу сіздің жүрегіңізде не бар екенін ойыңызды оқып отырғандай алдыңызға жайып, айта алса, сіздің сөйлеушіге емес оған сөйлеу қабілетін беріп жүрек түбіндегі құпияны аузына салып Сөйлеткізгенге қарап, «Оны Аллаһ айтқызды» дегеніңіз абзал. Осылай ойласаңыз, қателеспейсіз әрі қауіпсіз болады.
Сұрайтынын өзгеден емес, тек Аллаһтан тілеген адам ешқашан жалғыз қалмайды.
Аллаһқа арқа сүйеген адам – әрқашан тірі. Тіпті, суішкілігі таусылса да, мәңгі тірі болып саналады.
Аллаһқа деген сүйіспеншіліктің ең абзалы – ұлылығына бас иіп, қорқа отырып, сүю.
Аллаһты сүю мүмкіндігіне ие болу– тілмен айтып жеткізгісіз бақыт..!
«Мынадай жолдармен мақсатқа жетеміз» деп айтқанымызбен, ойға алған ісіміздің оңынан келмей, орындалмай қалатыны көптеген тәжірибелер арқылы дәлелденген. Біздің міндетіміз – қандай да бір себептерге сеніп қалмай, Аллаһтың басқа салған қиындықтарына қарамастан, шыдамдылық танытып, Оған тәуекел ете оты-рып, әрекет ету.
Азапқа ұшырауға лайық адамға сен тиіспесең де, уақыты келген кезде, Құдірет иесі міндетті түрде оның сазайын өзі береді.
- жасалған.