Уәде

Мың рет уәде бергенше, бір рет уәдеңді орындаған артық.

Уәдеде тұру – адамдықтың және адами құндылықтарды білудің белгісі.

Тұрақтылық жоқ жерде береке болмайды, ал тұрақсыз адам қоғамға да пайда әкелмек емес.

Уәдесін орындауға ықыласты болу – имандылықтың, ал сөзінде тұрмау – екіжүзділіктің белгісі. 

Адамдардың кейбірі ар-ожданымен Жаратушыға берген уәдесін орындау үшін өмірін сарп етеді. Кейбіреулер мұндай «келісімнің» бар екенінен де бейхабар күй кешеді. Міне, шынайы мүміннің мұнафықтан (екіжүздіден) ерекшелігі де осы. 

«Уәде беріп, сөзінде тұрмады» деме! Уәде беріп, өзің орындамаған істерді ойла! Адамгершілік жасамады деп, ешкімді кінәлама! Адамгершілік жасау мүмкіндігі бола тұрып, оны уысыңнан шағырып алған сәттеріңді есіңе ал!

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.