Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Фетхуллаһ Гүлен: Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?

Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында кейбір мағыналық айырмашылықтар бар. Қысқаша айтар болсақ, ғибадат иманға тән теориялық мәліметтердің белгілі бір ереже мен жүйе ішінде практикаға айналуының аты әрі атауы. Убудият болса адамның өз өмірін құлдық санамен өткеруін білдіреді. Басқаша айтқанда, ғибадат – бұйрыққа сай құлдық жауапкершіліктерді орындау, убудият болса, құлдықта тереңдей-тереңдей ихсан түсінігімен, ұдайы Алла мені көріп тұр деген сана-сезіммен өмір кешу деген мағынаға келеді.

Ғибадаттарын ұжданында тереңінен сезіне отырып орындап, жаттығу жасай- жасай құлдықта тереңдеген, убудият түсінігіне шын берілген құл басқаларға құл болудан құтылады. Өзі де өзгелерге құл болудан құтылудың жалғыз жолы Аллаға шын мәнінде құл болуда жатыр. Аллаға құл болмағандар болса, тіршілік иелерінің санындай түрлі күш пен қуат иелеріне, тотем, икона мен пұттарға құл, құтан болады.

Негізінде өзіне құлшылық жасауға лайық жалғыз болмыс ол – Алла. Тасаууыфтағы ұғымына салсақ, Ол Мабуду мұтлақ және Мақсуду бил- истихқақ. Яғни, құлшылық жасап, өміріміздің әр сәтінде өзіне құлдық санамен әрекет жасауымыз – Алланың құқы, ал біздің міндетіміз бен жауапкершілігіміз. Басқаша айтқанда, Алла Алла болғаны үшін мақсуд. Алла Алла болғаны үшін махбуб әрі Алла Алла болғаны үшін мабуд. Осы себепті ешқандай қақы жоқ әрі лайық болмаса да түрлі адасушылықтың нәтижесінде әлдекімдер табынатын тотем, миф, икона, пұт секілді нәрселер ап-анық күпір әрі адасушылық. Мабуду хақиқи болса дара, ол – Алла.

Міне, осындай убудият түсінігіне шын берілген құл Алладан өзге ешкімнің алдында төменшіктеп, бас июді ойламағанындай өзін де ешқашан өзге адамдардан артық не басқаша көрмейді. Құл болудан басқа орын белгілемейді. Ол үнемі өзінің Мабуду мутлақтың алдында мойнында шынжыр, құлағына сырға тағылған, аяғы кісендеулі құл екенін жақсы біледі. Бұндай адам нәпсісін, менмендігін және өзімшілдігін құлдық тезінен жақсылап өткізгендіктен, қолы жеткен бүкіл әсемдіктер мен жетістіктерді үнемі Аллаға қатыстырады. Кейде нәпсісінің алдауына беріліп, өзіне шақ емес жетістіктер үшін бақыттан басы айналып, көз алды тұмандануы мүмкін, дегенмен ол үнемі рухына сіңген убудият сезімімен іштей өршуі мүмкін бұндай жағымсыз сезімдерді бақылауда ұстайды.

Кереғар сәйкестік

Байқалғандай, құлдықтағы тереңдеу мен менмендік пен өзімшілдіктің күшеюі арасында кереғар сәйкестік бар. Яғни бір адам Аллаға деген құлдықта қаншалықты тереңдесе, нәпсі, менмендік пен өзімшілдікке де соншалықты сақ қарап, іштейгі жағымсыз сезімдерді соншалықты бақылауда ұстай алады. Аллаға убудияттан алыс тұрған кісі болса, құлдықтан алыстаудың дәрежесіне қарай өзімшілденіп, эгоист, тіпті эгоцентрист болады. Өйткені ол өзін өзіне еске түсіретін құлдық міндетінен алыс болғандықтан, уақыт өте келе кім екенін ұмытып, қолы жеткен бүкіл жетістіктерді өзімнен деп біледі. Тіпті басқалар жасаған жақсы істердің өзін бір жағынан өзімен байланыстырғанды қалайды. Осы себепті жетістік, қол шапалақтаулар мен алғыстар ұйық секілді үнемі оны өз ішіне қарай тартады.

Анығында Хақ алдында қол қусырған, өмірінің әрбір сәтін осындай санамен өткізген адам кім екенін ешқашан ұмытпайды. Ол үнемі мойнында бұғау, аяғы кісендеулі, әлжуаз, әлсіз, қауқарсыз, өткінші тіршілік иесі екенін біліп әрекет етеді, бұндай азжу фақр сезімі (өзін әлсіз әрі пақыр сезіну) оның бойында құлшылық пен убудият үшін үнемі «Тағы да жоқ па?» қалауын түрткілейді. Қаншалықты ғибадат жасаса жасасын, қаласа бір күні мың рәкат намаз оқысын, бәрібір оның аузынан үнемі «Аллам, өзіңе толықтай лайықты құлшылық жасай алмадым. Уа, барлық нәрседен де өте ап-айқын білінген Зат! Сені өзіңе толық лайықты түрде тани алмадым. Таныған болсам, еріп кеткен болар едім. Уа, шүкір етуге лайықты Аллам! Өзіңе лайықты түрде шүкір ете алмадым» деген сөздер төгіледі. Өйткені бұндай құл мынаны жақсы біледі: жасаған ғибадаттары өзіне бұйырған нығметтердің қасында түкке тұрғысыз.

Шексіз нығметтер шексіз шүкірді қалайды

Шынтуайтында, бір адамның жансыз болып көрінген болмыстар деңгейінде қалмай өмірге ие болуы, өсімдік пен айуан емес саналы болмыс деңгейінен табылуы, одан да арғысы Алланы танып білуі, иман секілді сырлы бір кілтпен мәңгіліктің қақпасын ашу мүмкіндігіне қол жеткізуі, Жұмаққа лайық болу жолында болуы, сондай үлкен нығмет екені соншалық, бұлардың орнын бұл дүниеде ештеңе толтыра алмайды. Бұл шексіз нығметтерді Жаратушы ие нәсіп еткен.

Егер бір кісі бүкіл осы нығметтерді түсініп, Аллаға бет бұрса, құлдықта тереңдеп, «хәл мин мәзид (тағы не бар)» еріне айналып, үнемі мағрифат, мухаббат және сүйіспеншілігі мен ынтасын еселеуге тырысса, Алла да игілігі әрі жомарттығымен оны менмендік пен өзімшілдік ұйығына тартылудан сақтайды. Алвар имамынша айтсақ:

«Сен Мәуланы сүйсең, Мәула сені сүймей ме?
Разылығын қаласаң, Хақ разылығын бермей ме?
Сен Хақтың босағасында жаныңды пида етсең,
Бұйрығына сай қызмет етсең, Алла қайтарымын бермей ме?»

Әсілі, Алла мың бір жағдаяттармен сәт сайын бізге өзін сездіреді, танытады. Сол үшін біз де осындай жағдайларды жүйелі әрі ережеге сай тафаккурмен (терең ой), мұқият әрі сақ қадағалауға тырысып, бөлек-бөлек бөліктерді бір жерге жинап, тұтас күйінде не айтпақ мағынаны түсінуге талпынып әрі түрлі- түрлі жолдар іздеп, үнемі Аллаға қарай қадам басуға тырыссақ, Алла да бізді жарты жолда қалдырмайды. Өйткені Ол бүгінге дейін өзіне қарай қадам басқан ешкімді жарты жолда тастап кетпеген.

Менмендік ғасырында убудият эликсирі

Тарих бойы күндізгі уақыттар түнгі уақыттарды, түн күндізді алма кезек алмастырып келді. Кей уақыттарда жер көкке қырсығып, көк болса «бастауларды құрғату мұрат» деп, жер кең шөлейтке айналған. Алайда кей уақыттарда көктен нөсерлете рақым жауып, жер жеті есе, жеті жүз есе беретін өнімдерге бесік болған. Иә, кей уақыттарда жарық қараңғылықты жеңіп, қараңғылықты барынша тықсырған. Руханилар мен періштелердің ауаны шайтандардың ауанына билік жүргізіп, басқаша айтар болсақ, малакути жағдай мүлки жағдайға билігін жүргізген. Осындай жарық кезеңдерге әуелгі кезекте үлгі ретінде Соңғы пайғамбар дәуірін көрсете аламыз. Ол кезеңде тура бір шайтандардың қыдырыстайтын, отырып, тұратын, жеп ішетін, жататын т.б. ыңғайлы орын мен ауан қалмаған еді. Кейінгі кезеңдерде де осыған ұқсас жарық кезеңдер болған.

Бүгінгі күні де ағзаның бүкіл атомдары Аллаға құл болғанын естіген, сезген, әліне қарамай барынша мұқияттылық танытып, үнемі Алламен біргемін деген түсінікпен өмір кешіп жатқан адамдардың саны аз емес. Өзі де солай болмаса, жер шары өз бағытынан жаңылар еді. Өйткені Алла өзіне шынайы құл болған пенделерінің пейіліне қарай жер жүзіне көз салады. Біз секілді ағаттығы мол, күнәкар, бір жығылып, бір тұрып әрең жүріп келе жатқан адамдарды да рухани тұрғыда көркем әлгі адамдардың құрметі үшін кешіреді, солардың дидарын құрметтегендіктен, ғаламның ғұмырын ұзартады, соларды құрметтегендіктен жер шарын қиратпайды.

Бүгінгі ғасыр қанша жерден менмендік ғасыры болса да, иншалла, ғибадат пен убудият тұрғысында әдемі бір кезең басталды. Өзі де қараңғылықтың соңғы шегі жарықтың басталуын меңзейді. Таң шапағы атардың алдында қарауыту байқалады. Бірақ бұл соңғы қарауыту. Бейнелеп айтсақ, түннің өзіне тән ерекшеліктерін соңғы рет бүркуі деген сөз. Иә, соңғы өштестікпен қараңғылықтар тағы бір мәрте барлық жақты қаптайды. Бірақ енді бір қарағаныңызда, артынша жалған шапақ атады. Ол қанша жерден жалған шапақ болғанмен, шын шапақтың ең айнымас куәгері. Өйткені ол күні бүгінге дейін еш қателестірмеді, қашан жалған шапақ туған болса, аз уақыттан кейін-ақ ізін ала шын шапақ атқан.

Әсілі, менмендік дәуірінің өзінде де адам Жаратушы иеге деген ғибадат пен убудиятта қаншалықты тереңдей алса, менмендік сол мөлшерде одан бойын аулақ салып, өзімшілдіктің аясы бірте-бірте тарыла береді. Қалай жарық аясы кеңейген сайын қараңғылық аясы тарылатын болса, тура сол секілді убудият пен менмендіктің арасында сондай кереғарлық бар. Біреуі екіншісіне кереғар күшейеді. Адам убудиятта қаншалықты тереңдесе, сол мөлшерде менмендіктен арылады. Уақыт өте келе ол адам барлық нәрсені иләһи құдіретке телиді. Жетістіктерінің қадірін Алланың разылығы әрі назар салуы бар-жоқтығына қарай бағалап, айналып келгенде, менмендік пен өзімшілдік тұрғысынан барынша еріп, өзін көрмейтін болады. Үнемі Алла туралы айтып, жүрген жерінің бәрінде барынша Алланы дәріптейтін болады.

Pin It
  • жасалған.
© 2020 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.