Алтын адам

Фетхуллаһ Гүлен: Алтын адам

Алтын тәнді арыс ұлға,
Ұқсап тұрған жігіттер.
Сәуле шашқан саңлақтарға,
Бар назарын бұрыпты ел.

Шексіз ғалам шабыт сыйлап,
Саналарын толтырды.
Қызыр баба досы болып,
Сырлы сапар жол тұрды.

Қасиетті кәусар суын,
Шөл басыпты ұрыттап.
Көздерінен нұр шашады,
Ұғып сырды ұлықтап.

Толқулары топан сынды,
Сенгені бар жүрекпен.
Беріктігі болат тектес,
Басқан жолын нұр өпкен.

Әлем танып әр қиырдан,
Шыққан тегін біледі.
Жүздеріне ай қонақтап,
Күн дидары күледі.

Әрбіреуі данаға тән,
Парасатқа бөленді.
Қораз үнін естіген соң,
Шапақты аңсап жөнелді.

Түрікшеден аударғандар, Мәлік ОТАРБАЕВ, Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.