Ғаріптіктің ішінде ғаріптігім

Фетхуллаһ Гүлен: Ғаріптіктің ішінде ғаріптігім

Ғаріптіктің ішінде ғаріптігім,
Күйдім-жандым, жүрмін мен налып бүгін.
Мен бір бейбақ сенделдім қайталап көп,
Күздің желі мұңлы әуен айтады ептеп.
Көрсетеді хәлімді ишаралап,
Бірде солдым, тірілдім қайта көктеп.

Ыстық ұрған даладай қуырылдым,
Кейде бұлттай лықсып кеп суырылдым.
Жаңбыр болып құйылдым толастамай,
Кепкен жерді, көл болып жуындырдым.

Көктем келіп гүл ашты қауыздарын,
Жәндік те асқа толтырды ауыздарын,
Тірлік үшін жан біткен тыпырлайды,
Сездім шаршап жанымның аңызғағын.

Түрікшеден аударғандар, Мәлік ОТАРБАЕВ, Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Pin It
  • жасалған.
© 2021 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.