Тапса егер...

Фетхуллаһ Гүлен: Тапса егер...

Көңіл тапса шөлдеп Сені,
Жоқты іздемес жер-көктегі.
Ғашық жалын жандырса егер,
Басқа отты көрмек пе еді?

Сені іздеген табары анық,
Ағыс майда, жаға жарық.
Іліммен танып толысты олар,
Өзге суды қана ма алып?!

Орны-орнына қондырдың Сен,
Болмысыңмен болдырдың Сен.
Мұхиттан зор Сені тапқан,
Малтар ма еді көлді көрсе?

Оқылды атың шар-тараптап,
Жүрекке қан таратқан.
Шын ниеттен Саған сенген,
Өзге Раббы аңсамақ па?

Жамалыңа қайран қалған,
Жолдан аумас тағдыр салған.
Омарта іздеп әсел тапқан,
Дәм ете ме, айран-балдан?

Көріп Оны танығандар,
Жетіп, сүйіп табынғандар.
Есігінде тілек еткен,
Өзгені сұрап сабылған ба?

Түрікшеден аударғандар, Мәлік ОТАРБАЕВ, Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ