Ф. Гүлен: Мәселе АК (Әділет және Даму) партия мен Жамағаттың текетіресі емес Құқықтар мен бостандықтар шектелуде

Фетхуллаһ Гүлен

Құрметті Фетхуллаһ Гүлен қоғамға саналы үндеу тастаған сұқбатының үшінші күні «АК партия мен Жамағат текетіресі» сөздеріне түсіндірме берді. Әуелі осы сөздің дұрыс еместігін айтқан Ф. Гүлен Түркияда соңғы жылдары негізгі құқықтар мен бостандық мәселесінде шектеулер орын алғанын тілге тиек етті. Саясаттың дөрекі, қыршаңқы тілінің әр топ өкілдерін бір-бірінен суытып, қоғамды поляризациялайтынын баса білдірді. Осы себепті Гези оқиғалары кезінде «тонаушы» дегеніне қарсылық білдірді. Саяси партия емес екендіктерін әрі ешқашан да болмайтынын айтып, «Ешбір партияға бәсекелес емеспіз. Бәрімен тең қарым-қатынастамыз. Осыған қарамастан еліміздің болашағы үшін үміт еткен, алаңдаған мәселелерді бөлісеміз» деді.

Құрметті Гүлен Қызмет Қозғалысының ұйым ретінде көрсетуіне қарсылығын «Өмірінде құмырсқаны да баспаған, заңды мұқият ұстанған адамдарды жасырын ұйым секілді көрсету көңілге реніш ұялатуда» деген сөздерімен тұжырымдады. Жамияның (Гүлен жамағаты – ауд.) қазіргі ұстанымы жайында да өткір пікір білдірді: «Біз кеше қандай ұстанымда болған болсақ, бүгін де сол ұстанымдарымыздан ауытқыған емеспіз. Алыстаған кім соған қарау керек».

Сырттай Үкімет пен Жамағат текетіресі жүріп жатқандай көрінеді. Сол бағытта мақалалар жазылып, сараптамалар жасалды. Кейбіреулер «Ұнатпаған партиямызды сайлауда кетіреміз, алайда Жамағатты қалай кетіреміз?» деп даурығып жатыр, бұған не дейсіз?

Әуелі мынаны айтқым келеді, мәселе АК партия мен Жамағаттың текетіресі емес. Соңғы бірнеше жылда негізгі бостандықтар мен құқықтар мәселесінде шектеулер орын алып келеді. Саясаттың дөрекі, тұрпайы тілі әр топ өкілдерін бір-бірінен суытып, қоғамды поляризациялауда. Гези оқиғалары кезінде, «тонаушылар» деген сөзіне шамама қарамай қарсылық таныттым. «Олай айтпау керек еді» дедім. Алевилер үшін де осы жағдай ортақ. Ең табиғи құқықтарына демократиялық шешімдер табыла алмауда. Мүмкін табуға деген құлық та жоқ шығар. Мешіт пен Жемүйі жобасына қолдау білдірдік. Күтпеген жерден бұған өшіге қарсылық танытқандарға тап болдық.

Екіншіден, біз саяси партия емеспіз, саяси партия болмаймыз да. Бұған қоса, ешбір партияның бәсекелесі де емеспіз. Бәрімен бірдей арақашықтық ұстаймыз. Осыған қарамастан еліміздің болашағы үшін үміт еткен я алаңдаған мәселелерді қоғамдық пікірге салып, бөлісіп отырамыз. Бұл біздің ең табиғи әрі демократиялық құқымыз болса керек. Бұны жақтырмауларын қабылдай алмаймын. Елді басқарғандарға «Мынандай ойым бар» деу неге кінә болсын? Дамыған демократияларда жеке адамдар мен сол адамдардан тұратын үкіметтік емес ұйымдар пікірлерін, сындарын қоғамдық пікірмен бөліседі әрі бұл ешкімнің қытығына тимейді.

Мынаны да қоса айтқым келеді, жолдастарымыз ашқан барлық мекеме мемлекеттің бақылауына ашық, заңдарға сай жұмыс істейді. Яғни толықтай тұнықтық (прозрачность) жайлы әңгіме етудеміз. Негізгі тұнық еместердің кімдер екені соңғы айларда анықталған бірқатар жағымсыз жайттармен анағұрлым айқындала түсті. Қызмет еріктілік негізіне сүйенеді. Өмірінде құмырсқаның да жанын ауыртпайтын адамдар заңдарға осыншалықты бағына тұра, оларды жасырын ұйым секілді көрсету көңілге реніш ұялатады. Мемлекеттің әр бөлімшесінде ойы әр түрлі адамдар болады. Оңшылы, солшылы, Алевисі, Сунниті, мұсылман емесі, күрді, түрігі – бәрі мемлекеттің берген міндеттемелерін орындайды. Негізгі мәселе олардың заң аясында жұмыс істеуі. Қандай пікірден болса да адамдардың мемлекеттік қызметте жүріп, түртпекке тап болуы, негізсіз кінәлануы олардың құқықтарын аяққа таптаушылық. Ешқандай қылмыс болмаса да бір рет «балама орган» бар десеңіз, осы күмән алдыңыздан мың балама орган шығарады. Әрі жазықсыз жандарды жәбірлейсіз.

Жақтау басқа, демократиялық талпыныстарды қолдау басқа

12 жыл бойы қолдап келген партияға неге аяқ асты қарсы шығудасыз делінуде. Жоқ әлде, ортақ мүдде көзделген одақтық бар ма еді?

Ешкіммен мүдделік одастақтығымыз болған емес. Үнемі ешкімнен ештеңе сұрамай, арлылығымызды сақтадық. Өйткені Құран мен Сүннеттен алған сабағымыз бізден осыны талап етті. Шен-шекпенге құмартуды өз құндылықтарымызға қиянат ретінде қабылдап келдім. Басқалардың жеке тұжырымына, сезім күйіне ештеңе демеймін. Алайда дүниеге құмартуды, басқалардан қолпаштау күтуді үнемі ақырет үшін қауіпті деп білдім. Достарым да осындай. Біз ешқашан бас директор, губернатор, әкім немесе министр болуды сұраған емеспіз. Егер сондай қалауы болған әлдекім кездескен болса (менің есімде жоқ) ондай адамның бізбен қатысы жоқ. Бар болса да қазірге дейін арамызда тұрақтай алмаған. Осы қырағылығымды ел басқарушыларға да жеткізгенмін.

Біз демократия, негізгі құқықтар мен бостандықтарды жетілдіру секілді тақырыптарда шынайы қолдау білдіруге тырыстық. Антидемократиялық кезеңдердің аяқталуы, плюралистік демократиялық мәдениеттің орнығуында қай партия оң қадам жасаса, соны қолдаймыз. Көзді жұмып, бас шұлғып жақтау басқа нәрсе, демократиялық іс-шараларға қолдау білдіру басқа нәрсе.

Біз кеше қандай ұстанымдарда болсақ, бүгін де сол ұстанымдардан ауытқыған емеспіз. Алыстап кеткен кім, соған қарау керек. Бірнеше жыл бұрын негізгі құқықтар мен бостандықтар мәселесінде қадам жасаған саяси партия бүгін интернетке тыйым салып, «ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеті» деп айтқызатындай заңдар шығаруды көздеуде. Дөрекі, қыршаңқы тілмен әлеуметтік өмірдің үйлесімдігін бұзуға әрі демократиялық келісімдердің күшін бұзатын әрекеттерге қалай қолдау білдірмекпіз? Мәселе тек Жамағатпен ғана шектелсе, оған шыдап көрер едіңіз. Алайда қазіргі ушыққан жағдайларды кең тұрғыда қарастыру керек. Түркия, өкініштісі, әлемнен алыстап, жекеленіп барады. Тұйықталып, демократиялық байлығынан қол үзген Түркия еліміздегі адамдарға ғана емес, санада қалыптасқан жағдайларымен Түркияға сенім артқан, Түркияны өзіне үлгі тұтқан барша адамдарға да залалын тигізеді.

12 жылдан бері бірге келе жатқан адамдар Жемқорлық операциясынан кейін жаман болып шыға келді ме?

Қызмет жайында ұйым, банда дегендей кінәлар тағылды. Тіпті сайлаудан кейін жауапқа тартатындарын айтуда…

Өкінішке қарай, ашумен көп нәрсе айтылуда. Меніңше, балағаттау турасында айтылмаған былапыт сөз қалмаған сияқты. Көп нәрсені түгесті. Адамгершілікке сыймайтын айыптаулар да айтылды. Ұйым, банда деген секілді сөздердің артынан Сотқа ықпал ететіндей бағыттаулар да жасалуда. Бұның кең тарағаны сондай, қылмыстық іс қозғалатынын халық айта бастады. Арада қылмыс жасалмаған болса, қанша іздесе де қылмыс табылмаған болса, заңның күшін қинау әділеттілікке сыя ма? «Балама орган» деген ұғым, дүдәмал кінәні қоғамдағы барлық топтар үшін айтуға болады. Яғни мемлекетте жұмыс істеген кісілердің сенімі, идеологиясы, жамағаты, тариқаты, партиясы арқылы кінә тағуға тырысудың шегі жоқ. Бір жолы бір жамағатты «балама» деп жариялап, оларды «ұйым» деп жар саласыңдар, келесі жолы келесі біреу шығып, басқа топтар үшін де сондай сөздер айта бастайды. Мемлекетте қызмет алған, алайда бір әлеуметтік, саяси немесе діни қауымға жақындығы бар адамдардың барлығына бір күні «балама мемлекет» деген кінә пәле болып жабысуы мүмкін. Тіпті бүгін осы мәселені тілінен тастамай жүргендердің өзі бір күні сонымен бетпе-бет келмесіне кім кепіл?! Сондай кінәмен әр адам жайлы күдік ұялататын болса, жүйе де, әділеттілік те болмасы анық.

Мемлекеттік қызметкер бөлім басшысын тыңдамаса, заңда бұның қалай жазаланатыны белгілі. Заңдар негізінде бағынбауының себебі сұралады. Алайда мәселені құқықтық шеңберден шығарып, мыңдаған адамға белгі ұрып, онда-мұнда қуғындаудың, әрбірі жайлы іс қозғап, зұлымдық жасаудың тарих алдында есебі берілмегеніндей ақыретте де есебі беріле алмайды.

Заңға қысым жасап, күшпен іс қозғау өрескел зұлымдық болады, көптің ұжданы оның есебін сұрайды. Бұдан бөлек, өтірік іс қозғағаннан құқықтық нәтиже алына алмайтыны да белгілі. Заңға бағынуды өмірлік ұстанымға айналдырған осы елдің адамдарын ұйым деп атасаңыз, сізден де былай деп сұрайды: 12 жылдан бері осы кісілермен бірге жұмыс істеп келдіңіз, олар осынша жылдан бері қоластыңызда жұмыс жасап келе жатқанда жақсы еді, сонда жемқорлық пен парақорлықты әшкерелеген операциядан кейін бірден жаман болып шыға келді ме?

Әр жұма хұтбаларда айтылатын мына аятты естен шығармау керек: «Аллаһ әділетті болуды бұйырады». Яғни кісі ақысын жемеуді, адамдардың құқығын аяқасты етпеуді бұйыруда.

Жақтастарына «Әскерді тізе бүктірдік» дегендер, тұтқындағы офицерлерге «Біз емес Жамағат жасады» деді.

Ұзақ уақыттан бері үкіметтік дереккөздер елде және шетелде өздері көрген келеңсіздіктердің барлығын Жамағатқа, ал демократиялық әрі оң бағыттағы жайттарды өздеріне тән етіп көрсетіп келді. Енді Ергенекон жазықтылары босатылғанда, тағы да соған ұқсас тәсілмен кінәні Жамағатқа аударып әлек. Бұл насихат кей-кездерде ықпалды да болып жатыр. Не дейсіз?

Осы жалалармен қоғамның маңызды бір топтарын алдаусыратып көрді. Мәселен, кейбір медиа топтарға «Біздің сендермен еш проблемамыз жоқ, алайда Жамағат сендермен алысып жатыр» деді. Қазірде интернетке шығып кеткен ол таспалар көрсетіп отыр: елді басқарушылар жұмысты тастап, осы адамдарды істі ету үшін айналысыпты. Бизнес әлемінде тендерге араласып, өз күшімен ұтып алғандарды да тікелей өздері араласып тізімнен шығарған. Бұл жердегі ең бір өкінішті жайт, бұндай қателіктерін жазықсыз қауымға артып, сұмдық обалына қалғандықтары. Бұл мәселеде жасалған ғайбаттар, жабылған жалалардың көптігі сонша, іштей жабырқамау мүмкін емес.

Ең бір ауыр тиетіні әскерге қатысты жағы. Жабық есіктердің ар жағында «Әскерге тізе бүктірдік. Бізге қалт тұрып, тобық қағып сәлем берді. Әскери билікті жойдық...» деген секілді сөз айтқандар әскери биліктегілерге «Бұл істі біз шешеміз, алайда жамағат кедергі келтіруде» деді. Анығында, бірнеше күнде Ұлттық Қауіпсіздік Қызметі кеңесшісі құрметті Хакан Фидан үшін заң шығарды. Қаласа, әрі шынайы болса, бұрынғы Генштаб басшысы құрметті Илкер Башбуғ пен басқалары үшін бір түнде-ақ заң шығаратын еді.

Мен сіздерге бір ішкі сезімімді айтайын. Достарым бірнеше мәрте куә болды, ол зейнетке шыққан әскерилердің ұсталуына жүрегім шыдамай, көзіме жас келді. «Қап, мынадай абыройлы униформа киген жандар бұндай жағдайға түспегенде ғой» дедім. Алайда менің күшінде тұрған заңға араласуым, немесе бұл мәселеде қандайда да бір ұсыныс енгізуім мүмкін емес еді. Төңкеріс – ауыр кінә. Заң шеңберінде бұның есебін сұрауы тиіс. Оған ештеңе демеймін. Бірақ жасы келген, көп жылдардан бері құрмет көріп келген бұл кісілердің денсаулық жағдайлары да ескеріле отырып, жауапқа тартудың бір заңды жолы табылғанда болар еді.

Ішкі сезінгендеріміз осы. Ылғи да осылай болған. Қазіргі уақытта шынымен соларды қиын жағдайға қалдырып отырғандардың Жамағат секілді көрсетілуі шындыққа қайшы. Өткенде жоғарғы шенді бір зейнетке шыққан ұлттық қауіпсіздік қызметкері бір журналистке жауап беріпті. Қасымдағылар маған интернеттен оқып берді. Ол кісі былай депті: «Қандай операция атқармайық әуелі құрметті Премьер-министріміздің хабары болды». Меніңше, бір газеттің алғашқы бетіне шыққан бұл жайтты ешкім өтірікке шығармады. Мынаны сұрауға құқымыз жоқ па? Ақыры бүкіл операцияларды білдіңіз әрі бұлардың барлығы да сіздің хабарыңыз бойынша жасалса, бүгін «қастандықтан» сөзетіп, адамдарды күмәнға итермелеу үлкен бір обалға қалу емес пе? Егер ондай қастандық болса, неге сол кезде тыймадыңыздар? Егер біле тұра алдын алмаған болсаңыз, сол «қастандыққа» ортақтасқан болып шықпайсыз ба?

Fethullah Gülen

Құрметті Фетхуллаһ Гүленнің тынығатын бөлмесі мен жұмыс істейтін бөлмесі арасында шағын кітапхана бар. Жанындағы есік қонақтарын күтетін және сұқбат жасайтын залға бастайды.