ИМАН ИІСІ

Бұл күнде нұры басым көз де кенде,
Содан соң сыры басым сөз де кенде.
Нұрлы көз,
Сырлы сөзге Сіз де сусап,
Жүрмісіз өмір іздеп өзге жерде.

Ойыны азған топтар жүр ентелеп,
Ойлының көз жанарын кіреукелеп.
Таспихке бау іздеген тар заманды,
Зар заман етпеу үшін біреу керек.

Бақ жұлдыз анау көктен аққан сынды,
Құлаған жерін өртеп, жаққан сынды.
Адамзат баласының санасында,
Бір сұмдық тағы бұғып жатқан сынды.

Ойласам...
Соны ойласам торығамын,
Алдыға алқындырған жоқ ұраным.
Алтындай ақыл-ойы адамдардың,
Жатқандай төсек тартып қорынамын.

Анамның жаулығындай кір өбпеген,
Адамдар көп болса деп тілеп келем.
Мен Сіздің кеудеңізден аярларды
Ақ жолмен ап жүрердей жүрек көрем.

Шырқыраман...
Иншалла, артыңызда Жұртың аман.
Қазақтың баласы көп Сізді сүйер,
Үстінен Иман иісі бұрқыраған.