Аллаһтың құлдары

Құранды оқып отырып, біз оның толықтай кешірімділік пен сабырлыққа негізделгенін көреміз. Әли-Имран сүресінде былай делінген:
«Нағыз тақуалар – кеңшілікте де, таршылықта да (жоқшылықта) Аллаһ жолында мал-мүліктерін жұмсайтындар. Сондай-ақ ашу-ызаларын жеңе білгендер және адамдарды кешіре білгендер». (Әли-Имран сүресі, 134-аят)

Бұл сөздердің мағынасын түсіндіріп кетсек. Мәселен, біреу сізге қатты сөйлеп қойды немесе ренжітті делік, әлбетте оған сіздің ашу-ызаңыз келеді. Ал мұндай жағдайда сіз өзіңізді барынша сабырлы ұстап, қарсы шара қолданбауға тырысқаныңыз жөн. Құранда мұсылман баласы рух деңгейін жоғары, бірқалыпты, яғни біреуге қол жұмсаудан, айғайласудан, ашуланудан бойын аулақ ұстауы қажет дейді: «Олар мұндай жағдайларда соншалықты кеңпейіл, бойын билеген ашу-ызаны жеңуге, біреудің қателігін көрмеуге тырысады». Бұл аяттағы араб сөздері көп мағынаны білдіреді, мәселен «казм» сөзі жұтуға болмайтын нәрсені жұту, сонымен қатар «казим» сөзі бойын кернеген ашу-ызаны жеңе алатын адамды меңзейді.

Және бір сүреде Аллаһ Тағала:
«Кімде-кім (жасаған күнәларына) тәубе қылып, ізгі амал жасаса, ол тәубесі қабыл күйде Аллаһқа қайтады» (Фұрқан сүресі, 71-аят)-дейді.

Pin It
  • жасалған.
© 2024 Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты. Барлық құқықтары қорғалған.
fgulen.com белгілі түрік ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің ресми интернет сайты болып табылады.